Ғ. Дәукеев атындағы АЭжБУ-дан «Үздік ғылыми қызметкер» сыйлығын алуға үміткерлер анықталды

Ғ. Дәукеев атындағы АЭжБУ-дан «Үздік ғылыми қызметкер» сыйлығын алуға үміткерлер анықталды


08.12.2021 Барлық жаңалықтар


2021 жылғы 7 желтоқсанда Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінде Ғылыми кеңестің кезектен тыс отырысы өтті, оның барысында жыл сайынғы «Үздік ғылыми қызметкер» сыйлығын алуға үміткерлердің кандидатуралары талқыланды. Баяндамашы ғалыми хатшы Айнур Серикбаевна Бегимбетова болды.

Конкурсты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Ғылым туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабына сәйкес ғылым мен техниканың дамуына үлес қосқан ғалымдарды, ғылыми ұйымдардың және жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының ғылыми жұмыскерлерін көтермелеу мақсатында өткізеді. Қарастыруға 13 ұсыныс түсті: Жылу энергетика және басқару жүйелері институтынан – 4 кандидатура, Электр энергетика және электр техника институтынан – 4 кандидатура, Ақпараттық технологиялар институтынан – 3 кандидатура, Телекоммуникация және ғарыштық инженерия институтынан – 2 кандидатура.

Сыйлық беруге үміткердің ғылыми жетістіктері келесі көрсеткіштер бойынша бағаланатын болады:

1) ғылыми дәрежесінің болуы;

2) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі берген ғылыми атағының болуы;

3) ғылыми жобалар мен бағдарламаларға басшылық ету;

4) ғылыми нәтижелердің болуы (мақалалар немесе шолулар, отандық және шетелдік монографиялар, монографиядағы тарау, патенттер, енгізулер және т. б.);

5) соңғы жылы университетте кем дегенде бір пәнді немесе бірнеше пәнді оқыту;

6) соңғы 3 жылда философия докторы (PhD) немесе бейіні бойынша доктор дәрежесі берілген кадрларды даярлауы керек;

7) өндіріске енгізу жөніндегі ғылыми және ғылыми-техникалық қызметтің расталған нәтижелері;

8) тиісті құқықтық құжаттармен (комиссиялар, жұмыс топтары, сараптама топтары, жобалау офистері) расталған ғылымды дамыту және ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру мәселелері бойынша кеңес беру органдарының жұмысына қатысу.

Талқылау барысында Ғылыми кеңес келесі қызметкерлерді жыл сайынғы «Үздік ғылыми қызметкер» сыйлығын алуға арналған конкурсқа қатысуға қаулы етті және ұсынды:

1) т. ғ. к., доцент Ирбулат Туремуратович Утепбергеновты;

2) т. ғ. д., профессор Абай Мұхамедиярұлы Достияровты;

3) х. ғ. д., профессор Николай Георгиевич Приходьконы;

4) доцент Ляззат Рысхановна Джунусованы;

5) PhD Ернар Таңибергенұлы Эмитовты;

6) т. ғ. к., доцент Нұрғали Мұхамбетсағиұлы Айтжановты;

7) т. ғ. к., доцент Қажыбек Тілеуғалиұлы Тергеместі;

8) т. ғ. к., доцент Сахыбай Тынымбаевты;

9) ф-м. ғ. д., профессор Сейіткерім Бимурзаевич Бимурзаевты;

10) ф-м. ғ. к., доцент Ляйля Муратбековна Тукенованы;  

11) т. ғ. к., доцент Абдуразак Оразгелдиевич Касимовты;

12) PhD, қауымдастырылған профессор Алгазы Жауытты;

13) саясат.ғ.д., профессор Алтынай Тулеовна Мухамбедьярованы.

 

ENERGO UNIVERSITY