Болашақ энергетиктер арасында «Самұрық-Энерго» АҚ-мен бірлесіп Физика-математикалық пәндер бойынша республикалық олимпиада жеңімпаздарының есімдері жарияланды

Болашақ энергетиктер арасында «Самұрық-Энерго» АҚ-мен бірлесіп Физика-математикалық пәндер бойынша республикалық олимпиада жеңімпаздарының есімдері жарияланды


13.12.2021 Барлық жаңалықтар


2021 жылғы 10 желтоқсанда Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінде «Самұрық-Энерго» акционерлік қоғамымен бірлесіп Болашақ энергетиктер арасында физика-математикалық пәндер бойынша республикалық олимпиада жеңімпаздарының есімдері жарияланды. Олимпиада 8-10 желтоқсан аралығында онлайн форматта өткізілді. Қазақстанның түрлі өңірлерінен келген қатысушылар осы үш күн ішінде жақсы білім мен дайындықты көрсетті.

Жеңімпаздардың есімдерін жариялау рәсімін Жылу энергетикасы және басқару жүйелері институтының директоры Айнұр Бегімбетова ашты: «Мен сіздерді құттықтағым келеді. Бірінші кезекте «Самұрық-Энерго» АҚ-ға олимпиаданы қолдағандары үшін алғыс айтқым келеді. Осының арқасында салада осындай әлеует қалыптасуда». Содан кейін ол студенттер арасында «Жылу техникасының теориялық негіздері» секциясының жеңімпаздарын жариялады:

Аты-жөні Орын Оқу орны 
Дастан Нурланулы Касемканов 1 Шәкәрім Университеті (Семей қ.)
Антон Иванович Мануленко 2 Шәкәрім Университеті (Семей қ.)
Тамирлан Талевжанов 3 АЭжБУ
Елдос Толеубекулы Нурадыл 4 Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

Электротехника кафедрасының доценті және меңгерушісі Гүлзада Мұсапирова жарыстардың қызу өткенін және келесі олимпиаданы оффлайн форматында өткізгіміз келетінін айтты. Ол студенттер арасында «Электр техниканың теориялық негіздері» секциясында жеңімпаздардың есімдерін жариялады:

Аты-жөні Орын Оқу орны
Исабек Мухамбетович Муратов 1 АЭжБУ
Жаркынай Ганиевна Бакытжанова 2 Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті
Руслан Сергеевич Смехов  3 Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті
Назерке Ерболкызы Омырзак 4 Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті

Ғарыштық инженерия кафедрасының меңгерушісі Санат Төлендиев оқушылар арасындағы «Физика» секциясындағы жеңімпаздарды жариялады:

Аты-жөні  Орын Оқу орны
Асыр Кырмызы 1 Б. Бейсекбаев атындағы мектеп-гимназия (Алматы облысы, Балқаш ауданы, Бақанас ауылы)
Владислав Шегай 2 № 83 гимназия (Алматы қ.)
Султан Кадыр 3 № 178 мамандандырылған лицей (Алматы қ.)

Математика және математикалық модельдеу кафедрасының меңгерушісі Мәншүк Байсалова былай деді: «АЭжБУ базасында математика пәні бойынша олимпиада сәтті өтті. 26 қатысушы қатысты. Мен демеушілерге шараны қолдағаны үшін алғыс айтамын». Содан кейін ол оқушылар арасындағы «Математика» секциясында жеңімпаздардың есімдерін жариялады:

Аты-жөні Орын Оқу орны
Зилола Алимбаева Абдынабиевна 1

Назарбаев Зияткерлік мектебі (Шымкент қ.)

Даурен Булатбекович Баятанов 2 М. Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицей (Алматы қ.)
Нуржан Максутулы Турсынов 3 № 180 мамандандырылған лицей (Алматы қ.)

Барлық есімдерді жариялағаннан кейін «Самұрық-Энерго» АҚ «ЖЭК және тарату» бас менеджері Д.С. Мырзаханов, «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ диагностика басқармасының бастығы Б.К. Туртбаев және «Алматы электр станциялары» АҚ Пайдалану қызметінің бас маманы Б.Е. Азимханов алғыс сөз сөйледі.  

Олар Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінің базасында болашақ энергетиктер арасында физика-математикалық пәндер бойынша Республикалық олимпиаданың жоғары деңгейде өткенін атап өтті. Олар жеңімпаздарға және барлық қатысушыларға сәттілік пен табыс тіледі.

ENERGO UNIVERSITY