АЭжБУ-да Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында студенттік концерт өтті

АЭжБУ-да Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында студенттік концерт өтті

15.12.2021 Барлық жаңалықтар


2021 жылдың 14 желтоқсанында Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында студенттік концерт өтті. "Ұлағат" көркемөнерпаздар клубының талантты студенттері сахнада ұлттық музыкалық аспаптарда ойнап, қазақ халық билерін көрсетті. Олар қазақ поэзиясы классиктерінің өлеңдерін оқып, Тәуелсіздік туғанға дейінгі соңғы айлар туралы шағын спектакль көрсетті.

Студенттік концерттің құрметті қонақтары "Әз Желтоқсан" ұйымының төрағасы Ербол Әбдірешов пен желтоқсандықтар Оразымбет Сабанқұлов пен Еренбай Иманқұлов болды. Олар АЭжБУ ректоры Сауле Саветовна Сагинтаеваға және университет ұжымына Алғыс хат жолдады.

Концерт соңында "Ұлағат" клубының студенттері залмен бірге Желтоқсан батырларына құрмет көрсетті.

Іс-шара ҚР барлық санитарлық-гигиеналық нормаларын сақтаумен өтті.