Жаңа жылдарыңызбен!

Жаңа жылдарыңызбен!

31.12.2021 Барлық жаңалықтар


Құрметті достар!

Жаңа жылды біз дәстүр бойынша туған-туыстарымызбен және жақындарымызбен бірге мерекелік дастархан басында атап өтеміз. Оны осыдан тура бір жыл бұрын қарсы алып, дәл қазіргідей білім беру саласындағы соңғы сын-қатерлерді бірге еңсере алатынымызға үміттенген едік. Осындай қиын жағдайда біздің тамаша студенттеріміздің арасында жоғары білім деңгейін сақтауға тырысқан профессорларымыз бен оқытушыларымызға құрмет көрсетуіміз керек. Сіздердің арқаларыңызда университет пен колледж жаңа оқу жылында әдеттегі жұмыс арнасына оралды.

Сондай-ақ, құрылымдық бөлімшелер басшыларының, институт директорларының және ұжымның жұмысын атап өткім келеді. Сіздер өткен жылы әкімшілендіру, персоналды басқару, қосымша қаржыландыруды тарту және сапалы оқу процесін ұйымдастыру мәселелерінде көптеген сын-тегеуріндерді еңсере алдыңыздар. Сіздердің әрқайсыларыңыз кәсіби шеберліктің, жауапкершіліктің жоғары деңгейін, сондай-ақ студенттер мен әріптестерге деген ықыластылықты көрсеттіңіздер.

Жоғарыда аталған барлық жетістіктердің артында студенттер мен ұжым арасында COVID-19 вакцинациясын насихаттау жұмысы тұр. Сондықтан «АЭжБУ» басшылығы бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыру мәселелерінде қолдау көрсетті. ҚР барлық санитарлық-гигиеналық нормаларын сақтай отырып, студенттер қатарына қабылдау, музыкалық концерттер мен «Мистер мен Мисс АЭжБУ 2021» сұлулық байқаулары өткізілді. Біз бірінші курс студенттеріне 1500 ноутбук тарату бойынша сәтті акция өткіздік. Біздің тамаша студенттеріміз Huawei компаниясының «Seeds for the future - 2021», робототехника бойынша республикалық «ETU Robocon», «МД үздік студенті – 2021», «WorldSkills» байқауларына қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Университетімізді әртүрлі алаңдарда абыроймен таныстырғандарыңыз үшін сіздердің әрқайсыларыңызды мақтан тұтамыз. Мұның бәрі Біз үшін үлкен және ортақ жетістік.

Бұл жылды біз абыроймен бірге өттік. Сынақтар мен қиындықтар өтпелі. Әрқашан солай. Ал қазір өзіңе сену, қиындықтардың алдында шегінбеу, бірлігімізді сақтау өте маңызды, бұл біздің болашақтағы ортақ жетістіктеріміздің негізі.

Құрметті достар! Жаңа жылда COVID-19 факторын біржола жеңу үшін одан да үлкен жетістіктерге жетейік. Мұның бәрі өзімізге байланысты!

Баршаңызға шын жүректен зор денсаулық, сенім, үміт, махаббат және өркендеу тілеймін. Келе жатқан жаңа 2022 жыл бақыт әкелсін! Мерекелеріңізбен!

Құрметпен, Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінің ректоры, профессор Сауле Сагинтаева