Келе жатқан Жаңа Жыл құтты болсын!

Келе жатқан Жаңа Жыл құтты болсын!


23.12.2021 Барлық жаңалықтар


Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті студенттерді, оқытушылар мен қызметкерлерді келе жатқан Жаңа Жылмен құттықтайды. Осы ерекше күндерде мерекелік көңіл-күйге бөленіп, ең бақытты жылдардың бірі болатын – 2022 жылды жарқын қарсы алуға жақсылап дайындалу керек.

Келе жатқан Барыс жылы  планетамыз әлемдік пандемиядан өтіп, одан да керемет болады деген үлкен өзгерісті уәде етеді.  Ол үшін белсенді түрде вакцина алу, гигиена мен әлеуметтік қашықтықты сақтау, Жаңа Жылды үйде, отбасы – ошақ қасында, жақын достармен шағын ғана ортада қарсы алған жөн. Өткен жылмен позитивті көңіл-күймен қоштасайық, себебі бұл жыл да бізге үлкен жетістіктерге жетуге мүмкіндік берді. Біздің мақтан тұтарымыз мол.

Келе жатқан Жаңа Жыл құтты болсын! 

ENERGO UNIVERSITY