Студенттер мен оқытушыларға шұғыл хабарлама

Студенттер мен оқытушыларға шұғыл хабарлама


05.01.2022 Барлық жаңалықтар


Қымбатты студенттер және оқытушылар! Алматы қаласында ТЖ режимінің енгізілуіне байланысты келесілерді хабарлаймыз:

1) 06.01.2022 ж. және одан арғы мерзімдерге жоспарланған емтихандар кейінге қалдырылды және 20 қаңтардан бастап 24 қаңтар аралығында өткізіледі,бірақ емтихандарды нақты тапсыру күні мен уақытын портал арқылы немесе тәлімгерлеріңізден 19 қаңтарға жақын уақытта нақтылау керек;
2) Бүгін, 05.01.2022 ж. тест емтихандарын интернеттің болмауына байланысты тапсырмаған студенттер үшін, емтихандық тест 19.01.2022 жылдан кейінгі мерзімге кейінге қалдырылады. 
3) Корпоративтік пошта және Google Chat-ты қолдануға кеңес беріледі, себебі АЭжБУ-дан келетін барлық маңызды хабарламалар дәл сол арналар арқылы жеткізілетін болады. 
Корпоративтік поштаны жиі тексеріп көріңіз.
4) Балдарды төмен деңгейде жинаған студенттер (тек FX) емтиханды 10 қаңтардан кейін Google Meet арқылы студент пен емтихан қабылдаушының  интернеті болған жағдайда, ақы төлеусіз 1 рет онлайн түрде ауызша қайта тапсыра алады.Егерде студентте немесе емтихан қабылдаушыда интернет болмаған жағдайда, емтиханды қайта тапсыру 19.01.2022 жылдан кейінгі мерзімге кейінге қалдырылады;
5) Біз сізден көпшілік топтан аулақ болуды және қоғамдық тәртіпті сақтауды сұраймыз.

Құрметпен, Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті

ENERGO UNIVERSITY