МӘЖИТ СҮЛЕЙМЕНҰЛЫ ИБРАЕВТЫ 70 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫМЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

МӘЖИТ СҮЛЕЙМЕНҰЛЫ ИБРАЕВТЫ  70 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫМЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!


17.01.2022 Барлық жаңалықтар


Ғарыштық инженерия кафедрасының доценті Мәжит Сүлейменұлы Ибраев 17 қаңтарда 70 жасмерейтойын атап өтеді. 

Ол 1975 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін физика мамандығы бойынша бітірген. 09.11.1988 жылы №114310 техника ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін иеленген.

Жалпы ғылыми-педагогикалық қызмет өтілі – 31 жыл. Мамандық бойынша еңбек өтілі - 13 жыл. Ғылыми қызығушылық саласы: ERP жүйелерін бағдарламалық қамтамасыз ету. Автордың жарияланымдары (соның ішінде импакт-факторы нөлдік емес журналдарда), ғылыми еңбектері, өнертабыстары бар. «КСРО өнертапқышы»Мемлекеттік сыйлығымен марапатталған.

2020 жылдан қазіргі уақытқа дейін М.С. Ибраев ғарыштық инженерия кафедрасының доценті болып жұмыс істейді. Сабақтарды қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жүргізеді. Теориялық білімі мен практикалық дайындығы жоғары. Оқытудың ғылыми-әдістемелік деңгейін көтерумен үнемі айналысады. Ұжымда құрмет пен сенімге ие.

Жұмыс барысында біліктілігін арттыру жолында жүйелі жұмыс атқарып, өзін білікті, еңбексүйгіш, ісіне адал қызметкер ретінде көрсете білді. М.С. Ибраев лекцияларын, зертханалық және практикалық сабақтарын өте жоғары ғылыми-әдістемелік деңгейде өткізеді. Сондай-ақ, ғылымизерттеулерге белсене қатысады.

Еуропалық Комиссияның «ERASMUS+» қолданбасы бойынша ғарышты игеру және роботты интеллектуалды жүйелер бойынша қолданбалы оқу бағдарламаларына, түрлі ғылыми-практикалық конференцияларға қатысқан. 40-тан астам ғылыми және әдістемелік еңбектері бар.

Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінің ұжымы Сізге зор денсаулық, барлық бастамаларыңызға табыс және сәттілік, белсенді ғылыми ізденіс, дарынды студенттер тілейді! Жұмысыңыз қуаныш пен әсерлі нәтиже әкелсін! Ұжымдағы тамаша жұмыс және жылы қарым-қатынасыңыз үшін рақмет!

ENERGO UNIVERSITY