Киберспорт бойынша АЭжБУ құрамасының мүшесі, екінші орын иегері - Сұлтанбек Арманұлы Рахымжановпен сұхбат

Киберспорт бойынша АЭжБУ құрамасының мүшесі, екінші орын иегері - Сұлтанбек Арманұлы Рахымжановпен сұхбат


14.01.2022 Барлық жаңалықтар


13 қаңтар күні pinger.kz ресми сайтына FIFA 22 бойынша Киберспорттық Студенттік лигасының 4 маусымының көптен күткен нәтижелері жарияланды. Бұл пән бойынша еліміздің 15 жоғары оқу орнының студенттері қатысты, оның ішінде Киберспорт бойынша АЭжБУ командасының мүшесі ретінде «Автоматтандыру және басқару» білім беру бағдарламасының  студенті Сұлтанбек Арманұлы Рахымжанов бар.
Сұлтанбек Рахымжанов турнирде университетімізді лайықты көрсете білді, ол үздік үштікке еніп, жүлделі 2 орынды иеленді. 
Осыған орай, Cұлтанбекпен сұхбаттасқан болатынбыз:

-Қайырлы күн Сұлтанбек! «АЭжБУ» атынан Киберспорттық студенттік лигада екінші орын иеленуіңізбен құттықтаймыз! Сіз үшін Fifa деген не?

-Қайырлы күн, үлкен рахмет. Fifa мен үшін бос уақытымды арнайтын әуесқойлығым, ойынның өзі негізінен Ultimate Team онлайн режимінде өтеді.

-Жұртшылық Қазақстандағы интернет желісінің байланысы нашар деп жатады, ол сізге кедергі келтіре ме?
-Айтарлықтай кедергі келтірмейді, мендегі пинг 60-70 құрайды (пинг аз болған сайын интернет желісі жылдам жұмыс істейді).

-Қандай командамен ойнайсыз?

2022 жылғы «фифада» көпшілік таңдайтын ПСЖ-ны аламын, бірақ, менің сүйікті клубым Барселона, себебі, ойынның ішіндегі ойыншылардың өзі мығым жүктелген.

-«Фифаға» деген махаббатыңызды түсіндік, ал шынайы футболға қалай қарайсыз?

-Мен «фифаны» ойнайтын кез-келген жігіттер секілді – футболмен де жиі айналысамын, яғни, шағын футболды достарымызбен ойнап тұрамыз.

-Сіз «фифаны» Playstation 4 арқылы ойнайсыз, жуырда «АЭжБУ» ойынға арналған 11 қуатты ДК сатып алмақ, компьютер арқылы ойнауға тәжірибеңіз жетеді ме? Айырмашылығы бар ма?

-Дербес компьютердегі «фифадан» тәжірибем жоқ, алайда «геймпадты» консолдан қосуға болады, сонда да PS5 арқылы ойнағым келеді (күледі).

-Әрі қарай киберспорттық бағытта дамуға жоспар құрдыңыз ба? Жаңадан бастаған «фифа» ойыншыларына берер кеңесіңіз бар ма?

-Киберспорттық бағытта дамуға жоспарым жоқ, алайда, уақыт көрсетеді. Енді бастап жатқан ойыншыларға әрқашан өзінен деңгейі жоғары қарсыласпен ойнауға кеңес беремін.

Сұлтанбек Арманұлы Рахымжановты біздің студенттеріміздің лайықты жеңістер қоржынына қосқан үлесі үшін құттықтаймыз!

Университет киберспорт тақырыбына қызығушылық танытқандардың саны өсіп келе жатқанына өте қуанышты және жаңа қатысушыларға барынша қолдау көрсетуге дайын!

ENERGO UNIVERSITY