24.01.2022 Барлық жаңалықтар
«ЖОО үздік оқытушысы» Республикалық байқауы мамандық бойынша үздіктерді анықтайды. Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінің электроника және робототехника кафедрасының меңгерушісі Сандуғаш Құдайбергенқызы Оразалиева өз сұхбатында осы байқаудағы жеңісінен алған әсерлерімен бөлісіп, оқытушының миссиясы туралы айтты.
- Алдымен Сізді «ЖОО үздік оқытушысы – 2021» байқауындағы жеңісіңізбен құттықтағымыз келеді. Бұл бүкіл «АЭжБУ» үшін үлкен жетістік. Мұның құпиясы неде?
- Біріншіден, әрине, рақмет. Құпия дейсіз бе... Анау айтқандай құпиям жоқ. Біздің университет басшылығына қолдау көрсеткені үшін, конкурсқа құжаттарды дайындауда көмек көрсеткені үшін алғыс айтқым келеді. Екіншіден, біз мұнда күн сайын онлайн оқыту мен оқу материалдарының қазақ және орыс тілдерінде сапасын арттыру бойынша жұмыс істейміз. Бұл бейне дәрістерді жүктейтін порталмен үлкен жұмыс. Үшіншіден, мен жақында докторантураны бітірдім, диссертация қорғадым; мен рецензияланған журналдарда мақалалар мен монографиялар жарияладым. Яғни, менде елеулі тәжірибе болды. Мұның бәрі байқау кезінде бағаланды.
- Еңбек.
- Иә, бізден орасан еңбек талап етіледі. Бұл қандай қиын жұмыс болса да, меніңше, ол сұранысқа ие және әрқашан бағаланады. Университет оқытушысына көп күш қажет. Білімі мен дағдыларын үнемі жетілдіріліп, заман ағымынан қалмау керек.
- Жаңалықтардан жеңіскен жеткеніңізді естігенде қандай сезім болды?
- Қуаныш, әрине, қуаныш. Өзім мұндайды күтпедім, өйткені мен құжаттарды тапсырдым да, одан әрі ештеңе ойламадым. Байқауда жеңіске жеткенімді білгенде қатты қуандым. Әрине, бұл алға басуға шабыттандырады.
- Оқытушының миссиясы неде?
- Бұл - студенттер мен түлектерді алдағы өмірге дайындау. Оларға мамандық таңдауға көмектесу. Тек білім беріп қана қоймай, дұрыс бағыттау керек. Осының арқасында бізде өз ісін сүйетін бірінші дәрежелі мамандар болады.
- Соңғы уақытта оқу процесінде қандай өзгерістерге тап болдыңыз?
- Ол - қашықтықтан оқытуға көшу. Біз бұл үшін қажетті құралдарды ұзақ уақыт таңдадық, бірақ өз порталымызды ашуды шештік. Әрине, мұндай жағдайда мұғалімге прогрестен қалмау үшін үнемі түзетулер енгізу қажет.
- Міне, сіз ең үздік оқытушы атандыңыз. Сіз үшін ең жақсы студент қандай? Сіз сипаттай аласыз ба?
- Мен үшін ең жақсы студент – бұл талпынатын, шынымен байланыста болатын адам; кез-келген уақытта сұрайды, қызығады. Мұндай студент осы пән аясында ғана емес, сонымен қатар кеңейтілген жаңа нәрсені білгісі келеді. Жан-жақты ойланады.
- «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» байқауының болашақ қатысушыларына не тілейсіз?
- Өз жұмысын сүю және заман ағымынан қалмау. Прогреске ұмтылыңыз. Осы жеткілікті. Үнемі шыңдалуды тоқтатпаңыз. Марапат өз иесін табады.