Профессор Герман Геннадьевич Трофимовтың 80 жылдығына арналған дөңгелек үстел

Профессор  Герман Геннадьевич Трофимовтың 80 жылдығына арналған дөңгелек үстел


09.02.2022 Барлық жаңалықтар


2022 жылдың 9 ақпанында Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінде профессор Герман Геннадьевич Трофимовтың 80 жылдығына арналған дөңгелек үстел өтті.

"АЭжБУ атынан, барлық оқытушы-профессорлар құрамы, мыңдаған студенттер армиясы атынан және жеке өз атымнан Сізді осы айтулы мерейтойыңызбен құттықтаймын. Сіздің өмірбаяныңызды талдай отырып, басшылығыңыздағы ең қиын кезең  —   КСРО ыдырағаннан кейінгі өтпелі кезең, ғылым мен білім беруді қаржыландырудың қысқаруы болғанын атап өткім келеді.

Сіздің арқаңызда университет осындай қиын жағдайларда төтеп бере алды. Сонымен қатар, Тәуелсіз Қазақстанның энергетикалық саласының бастауында тұрдыңыз. Осы күнге дейін шығармашылық ізденіс үстіндесіз. Сіз халықаралық байланыстарды нығайту үшін жұмыс істеп, энергетиктердің жаңа буындарын оқытып дайындадыңыз. Біз Біліктілікті арттыру институтын дамытуға қатысу тәжірибесі үшін Сізге өте ризамыз. Сізге зор денсаулық және жаңа жетістіктер тілейміз", - деді АЭжБУ ректоры Сауле Саветовна Сагинтаева.
Мерейтой иесін достары мен әріптестері құттықтады. "Мен энергетиктер отбасынан шыққанмын. Әкем Киров атындағы зауыттың бас энергетигі болатын. Менің ағам Мәскеу университетінің ректоры болды. Мен бұл дәстүрді жалғастырғаныма және менің қызым мен жиенім білімдері бойынша энергетик екеніне қуаныштымын. Қолдау көрсеткендері үшін және энергетика саласына үлесімді қосуым үшін барлық жағдайларды жасағандары үшін отбасыма алғыс айтқым келеді. Сіздердің құттықтауларыңызды естігеніме өте қуаныштымын. АЭжБУ —  бұл менің өмірім. Мен университетке биік белестерді бағындыруды және барлық жаңа бастамаларының оңымен аяқталуын тілеймін", - деді профессор Герман Геннадьевич Трофимов. 

ENERGO UNIVERSITY