"Экоқаһарман" конкурсына қатыс!



11.02.2022 Барлық жаңалықтар


"Қазақстанның экологиялық ұйымдарының қауымдастығы" ЗТБ  "StopMusor" әлеуметтік жобасы шеңберінде студенттер өздері туралы немесе Қазақстанның қоршаған ортасын қорғауға елеулі үлес қосқан адам туралы айта алатын  "Экоқаһарман"    конкурсын жариялайды.

"StopMusor" жобасы қала тұрғындарының сауаттылығы мен әлеуметтік жауапкершілігін арттыруды, тұрғындар арасында тұрмыстық қалдықтарды кәдеге жарату мәдениетін тәрбиелеуді, соның салдарынан қоқыстану деңгейін төмендетуді көздейді.
Өтінімдер ағымдағы жылдың 14-28 ақпаны аралығында stopmusor@gmail.com электрондық мекен-жайы арқылы қабылданады.  
"Экоқаһарман"  конкурсының қорытындысы бойынша ел бойынша 10 жеңімпаз анықталып, оларға естелік сыйлықтар табыс етіледі.

ENERGO UNIVERSITY