"Қазақстан Халық банкі" АҚ-дағы HomeBank департаментінің жүйелік талдаушысымен Meet-up



16.02.2022 Барлық жаңалықтар


2022 жылдың 18 ақпанында Google Meet платформасында Ақпараттық технологиялар және бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу саласындағы жетекші маманмен кездесу өтеді.

Ұйымдастырушы – Ғ.Дәукеев атындағы АЭжБУ, АТИ «Ақпараттық жүйелер және киберқауіпсіздік» кафедрасы.

Баяндама жасайтын:

Станислав Бреусов Өнімділігі жоғары қорғалған есептеу жүйелері және  Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар мамандықтары бойынша АЭжБУ және МИФИ ҰЯЗУ магистрі, 15 жылдан астам өтілі бар бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеуші, ақпараттық және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы маман, Cisco және ORACLE сертификаттарының иегері. 2012 жылдан 2020 жылға дейін АЭжБУ-да оқу процесін автоматтандыру үшін бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірледі. ТМД елдері үшін цифрлық бизнес-платформа әзірлейтін халықаралық компанияда әзірлеу тобына жетекшілік етті. Қазіргі уақытта «Қазақстан Халық банкі» АҚ, HomeBank департаментінің жүйелік талдаушысы қызметін атқарады.

Баяндама тақырыбы: «Бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу мен орналастырудағы заманауи технологиялар».

Күні: 18.02.2022

Уақыты: 16:00

Кездесуге сілтеме

 

«Ақпараттық жүйелер және киберқауіпсіздік» кафедрасы

ENERGO UNIVERSITY