09.03.2022 Барлық жаңалықтар
Еліміздегі энергетикалық оқу орнының қара шаңырағы Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінде күнделікті көтеріңкі күйіміздің бұлағы, өмірдегі таусылмас шабытымыздың шырағы нәзік жандарға ыстық ықыласымызды нақыштап ер-азаматтарымыз жылы лебізі мен жүректен шыққан өлең-әндерін арнаған көркем іс-шара өтті.
Ақиық ақынымыз Мұқағалидың «әйелдер... еркектерден бола берсін көп мейлі» дегеніндей ел болашағы жастарымызды біліммен сусындатуда оқу-тәрбие, ғылыми-әдістемелік қызметке толы мәнді тіршілігімізді абыроймен атқарудағы жаны сұлу, мінезі қылықты, еңбегі зор аруларсыз елестету мүмкін емес...
Киелі жүкті арқалаған профессор-оқытушылар және көмекші қызметтегілер яғни, салмағы артық педагог-ғалымдар, инженерлер, лаборанттар - АРУЛАРЫМЫЗ!
Шаңырағымыздың күнделікті әрін кіргізіп, дәмін келтіріп, тазалығын сақтайтын офлайн жағдайда еңбегі еселенген қол еңбегіндегі негізгі қызметшілер - АРУЛАРЫМЫЗ!
Ұжымға ортақ екінші үйіміздің тамырына қан жүгіртуші басымы нәзік жандылардың (университет және институт басшылығы, департамент, бөлімдер, бухгалтерия, кітапхана т.б.) дамылсыз қызметінің арқасында еңбектегі есеміз түгел, еңсеміз биік, көңіліміз хош қылушы – АРУЛАРЫМЫЗ!
ҚҰРМЕТТІ АРУЛАР! Көктемнің шуақты мерекесі 8 наурыз мейрамдарыңызбен ер азаматтар атынан шын жүректен құттықтаймыз! Сіздер біздің аяулы аналарымыз, сүйікті жарымыз, мәпелеген қыздарымыз және қызметтегі қадірі артық, қымбатты әріптессіздер!
Өмір гүлі, көркі де сендерсіңдер!
Басқа теңеу Сіздерге тең келсін бе?!
Көктемді біз қайтеміз көктен іздеп,
Көктем болып өздерің келгенсіңдер!!! – деп, күн түнеріп тұрса да мәңгілік көңіл көктемі ӨЗДЕРІҢІЗДЕР деген кафедрамыздың философ ақыны Мұхамеджан Қуаныш Шәкіртұлының бір шумақ өлеңін арнаймыз.
Отбасында, қызметте де бақ-берекеден айырмасын!
МЕЙРАМДАРЫҢЫЗ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!
Фото-суреттерді ұсынған В. Краснопольский