Психикалық денсаулық орталығының психиатр дәрігері Анна Трубниковамен кездесу

Психикалық денсаулық орталығының психиатр дәрігері Анна Трубниковамен кездесу


06.04.2022 Барлық жаңалықтар


Бүгін (2022 жылдың 6 сәуірінде) Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінде Дүниежүзілік денсаулық күні қарсаңына орайластырып, Алматы қаласы Психикалық денсаулық орталығының тәжірибелі маман-наркологы А.А.Трубникова бірінші және екінші курс студенттеріне дәріс оқыды. Жастарға есірткінің адам ағзасына тигізетін кері әсері туралы жан-жақты ақпарат келтіріп, есірткіден сақтану жолдары, әр азаматтың қарапайым ұстанатын өмір салты туралы кең әңгімелеп берді.

Дәріс соңында студенттер «Есірткіге нелер жатады», «электронды темекінің зияны қандай», «алкоголь есірткіге санала ма», - деген өздерін толғандыратын сұрақтарын қойып, маманнан нақты жауаптарын алды.

ENERGO UNIVERSITY