"Eine andere Sprache ist eine andere Vision des Lebens" тақырыбындағы неміс тілінен олимпиада



14.04.2022 Барлық жаңалықтар


2022 жылдың 13 сәуірінде Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінде "Еine andere Sprache ist eine andere Vision des Lebens" (Өзге тіл - өзге өмір) тақырыбында бірінші курс студенттері арасында неміс тілі олимпиадасының екінші туры өтті. Бірінші тур 2021 жылдың 22 қарашасында онлайн тестілеу форматында өткізілді. Бірінші кезеңнің қорытындысы бойынша 15 студент екінші турға өтіп, 11 студент қатысты.

Екінші турдың тапсырмалары: неміс тіліндегі мәтінді тыңдау және тыңдалған мәтін бойынша әр түрлі тапсырмаларды орындау, мәтінді оқу және ол бойынша әр түрлі тапсырмаларды орындау, сонымен қатар еркін тақырыпта сөйлеу (студенттер әр түрлі тақырыптардың атауымен билеттерді таңдап, өз сөздерімен оларға берілген тақырыптарды ашады). Әрбір студент өзінің неміс тілін меңгеру қабілетін көрсете алды. Студенттер оқытушылар қойған барлық сұрақтарға жауап беріп, неміс тілін (А-1) меңгеру деңгейін көрсете алды.

Екінші турдың қорытындысы бойынша ұйымдастыру комитетінің қазылар алқасының мүшелері - аға оқытушылар С.А. Мұратбекова, Ж. К. Байғаскина, М. К. Мұқханбек - Неміс тілі олимпиадасының жеңімпаздарын анықтады.

Жеңімпаздар

1 орын – Юсупов Саят (СИ-21-3);

2 орын – Уразбаев Чингис (СИк-21–1), Назаренко Кирилл (СИ-21-3);

3 орын– Гаппаров Баглан (СИк-21–2), Александр Ринат (СИк-21–2), Нуржан Еларыс (СИк-21–2).

Екінші тур қатысушылары:  

  1. Гаппаров Баглан (СИк-21-2);
  2. Назаренко Кирилл (СИ-21-3);
  3. Юсупов Саят (СИ-21-3);
  4. Дуйсенбек Дулат (СИк-21-2);
  5. Уразбаев Чингис (СИк-21-1);
  6. Садырбаев Асылжан (СИ-21-3);
  7. Александр Ринат (СИк-21-2);
  8. Бекболат Бейсенбек  (СИк-21-2);
  9. Жумамурад Данияр (СИк-21-2);
  10. Нуржан Еларыс (СИк-21-2);
  11. Тамырлан Шокан (СИк-21-2).
ENERGO UNIVERSITY