АЭжБУ-де Президент Жолдауы талқыланды

АЭжБУ-де Президент Жолдауы талқыланды


05.09.2019 Барлық жаңалықтар


2 қыркүйек ҚР Президенті К.К. Тоқаев өзінің алғашқы Халыққа Жолдауын жолдады.

Республиканың барлық арналары бойынша таратылған Президенттің Парламент алдында сөз сөйлеуінің көрсетілімі АЭжБУ-де де ұйымдастырылды. Акт залында сабақтан бос барлық  оқытушылар, студенттер және университет басшылығы жиналды.

Көрсетілім аяқтала салысымен барлық қатысушылар Президенттің Жолдауда қамтыған міндеттерін жарыса талқылады. Бар ынта-жігерлерімен қатысқан қатысушылар Елбасы саясатының сабақтастығына негізделген еліміздің одан әрі даму жолын және қоғамды демократияландыруды қолдады.

Жүйелі емес саяси либерализациялау ішкі саяси жағдайдың тұрақсыздығына және мемлекеттің жойылуына әкеліп соқтырады. Сондықтан біздің еліміздегі саяси реформа жүйелі, тұрақты және ұтымды жүзеге асырылуы қажет.

Президент Жолдауы нақты құрылымдылығымен және айқындылығымен, проблемалар мен стратегиялық бағыттарды көлемді және кешенді  қамтуымен ерекшеленді.

Президент білім саласына да  көп көңіл бөлді. Басты проблеммалардың бірі мамандар дайындаудың отандық жүйесінің нақты еңбек нарығымен байланысының жоқтығы болып табылады. Аймақты басқару жүйесінің тиімсіздігі мен әркелкі қаржыландырылуы да маңызды мәселелердің бірі.

Пікір-талас қатысушылары болжамды жоспарды іске асыру үшін заманауи кезеңдегі Қазақстанның саяси, экономикалық және әлеуметтік дамуын жүзеге асыруды айқындайтын заңнамалық актілер қатарын қабылдау қажет екендігін атап өтті.

Университет қызметкерлері мен студенттері ҚР Президенті Қ. Тоқаевтің Жолдауда қамтыған негізгі идеялары мен міндеттерін қолдады және білім жүйесіне қатысты шаралар жоспарын әзірлеу барысында барлық міндеттер ескеріліп, әртүрлі деңгейдегі мемлекеттік органдар мен барлық мүдделі мемлекеттік емес сектор құрылымының  бірлескен үйлесімді жұмыстарының ұйымдастырылатынына сенім артты.

ENERGO UNIVERSITY