"Ақ Жол" жастар орталығы Ғұмарбек Дәукеев атындағы АЭжБУ-да қонақ дәрісін өткізді



26.04.2022 Барлық жаңалықтар


2022 жылғы 15 сәуірде "Ақ Жол" Жастар орталығы Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінде жыныстық тәрбие мәселелері бойынша қонақ дәрісін өткізді. "Бұл жай дәріс емес, жастармен ашық әңгіме. Сіз үлкен өмірге қадам бастыңыз, ендігі кезекте сіздің жауапкершілігіңіз де молырақ. Сол себепті де жыныстық тәрбие мен осындай  жолмен берілетін аурулар туралы білуіңіз керек. Білім сізді қорғайды!",- деді орталық басшысы Дина Құсайынова.

Орталық басшысының сөзінен кейін Халықаралық жаттықтырушылар Тимур Дәрменов пен Алина Глушкова презентациямен сөз сөйледі. "Отбасын жоспарламас бұрын денсаулығыңызды тексеруіңіз керек. Мұны біздің орталықта тегін жасауға болады. Алматыда жастардың денсаулығын қорғау үшін барлық жағдай жасалуда", - деді Тимур Дәрменов.

ENERGO UNIVERSITY