06.03.2020 Барлық жаңалықтар
Кеше АЭжБУ аудиториясында 20 оқытушы мен ғылыми қызметкерлер өте қызықты мәселелерді қызу талқылады. Олардың барлығын университет президенті Гита Ревалде тыңдап отырды. Отырыстың екінші сағатында барлығы бір ауыздан жазылып тұрған плакатқа түрлі-түсті стикерлерді жабыстырды. Соңында бәрі таралып, зал тынышталған соң Гита Ревалде жағдайға қорытынды жасады:
- Бұл семинар – біздің жоғары оқу орны оқытушыларының командалық жұмыстың қазіргі заманғы әдістерін пайдалана отырып, университет белгілеген мақсаттарға жету үшін не істеу керек деген ой- пікірлерін анықтау мақсатында ұйымдастырылған алғашқы ми шабуылымыз. Осылайша біз кафедралардың әрбір оқытушысы университет басшылығына өз көзқарасын жеткізе алуы үшін барлық ұжымға университеттің болашаққа арналған жоспарларына қатысты өз ой-пікірлерін білдіруге мүмкіндік бергіміз келеді. Тек осы жағдайда ғана біздің жұмысымыз нағыз командалық болады.
Біз бұл тәжірибені Басқару жүйесі және ақпараттық технологиялар институтынан бастадық және осында жиналғандардың барлығы осы құрылымдық ұйым өкілдері. Адамдар топтарға бөлініп, жұмыстың негізгі төрт бағыты бойынша өз ұсыныстарын берді, талқылап, жаңа идеяларды бірлесіп құрастырды, содан кейін қандай да бір ұсыныс үшін дауыс берді .
Семинар қорытындысын біз ЖОО басшылығынан тұратын АЭжБУ даму стратегиясын әзірлеу бойынша жұмыс тобына береміз .
Алдағы уақытта осындай семинарларды біз Талдау және даму стратегиясы департаментімен, барлық институттармен және әкімшілікпен бірге өткіземіз. Бұл маңызды және пайдалы.
Ең бастысы - барлық ұжымды мақсаттарға жету жолдарын анықтауға тарту - Электр энергетикасы, Жылу энергетикасы, IT, Аэроғарыштық технологиялар сияқты салаларда Орталық Азиядағы жетекші зерттеу ЖОО болу. Бұл біздің ортақ міндетіміз және біз оған бірге атсалысуымыз қажет!