06.03.2020 Барлық жаңалықтар
Сіздерді Халықаралық әйелдер күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Бүгінгі шұғылалы көктемнің алғашқы мерекесі үлкен махаббат пен жылулықтың нышаны іспеттес. Сіздердің жарқын күлкілеріңіз бен аяулы алақандарыңыз өмірімізге мән сыйлап, сүйіспеншілікке бөлейді.
Сіздерге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыларыңызға амандық тілеймін. Аспандарыңыз ашық, көңілдеріңіз шат, өмірлеріңіз қуанышқа толы болсын!
Ізгі тілекпен, ректор Сауле Сагинтаева