26.05.2022 Барлық жаңалықтар
Конституцияны өзгерту бойынша республикалық референдумның басталуына аз қалды. Төменде сіз елдің негізгі заңындағы мақалалардың ескі және жаңа редакциясын салыстырып, бағалай аласыз.
Конституция | Қолданыстағы редакция | ЖАҢА редакция |
6-бап 3-т. |
3. Жер және оның қойнауы, су көздері, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар |
3. Жер және оның қойнауы, су, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар ХАЛЫҚҚА ТИЕСІЛІ. Халық атынан меншік құқығын мемлекет жүзеге асырады. |
15-бап 2-т. |
2. Ешкімнің өз бетінше адам өмірін қиюға хақысы жоқ.
|
2. Ешкімнің өз бетінше адам өмірін қиюға хақысы жоқ. ӨЛІМ ЖАЗАСЫНА ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ. |
43-бап | Қолданыстағы редакцияда мұндай талаптар жоқ |
3. Қазақстан Республикасының ПРЕЗИДЕНТІ өз өкілеттігін жүзеге асыру кезеңінде САЯСИ ПАРТИЯДА БОЛМАУҒА ТИІС. 4. Қазақстан Республикасы ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ЖАҚЫН ТУЫСТАРЫНЫҢ саяси мемлекеттік қызметшілер, квазимемлекеттік сектор субъектілері басшылары ЛАУАЗЫМДАРЫН АТҚАРУҒА ҚҰҚЫҒЫ ЖОҚ. |
50-бап 3-т. |
3. Мәжіліс конституциялық заңда белгіленген тәртіппен сайланатын |
3. Мәжіліс конституциялық заңда белгіленген тәртіппен аралас сайлау жүйесі бойынша: біртұтас жалпыұлттық сайлау округінің аумағы бойынша бара-бар өкілдік жүйесі бойынша, сондай-ақ БІР МАНДАТТЫ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ ОКРУГТЕРІ БОЙЫНША САЙЛАНАТЫН 98 ДЕПУТАТТАН ТҰРАДЫ. |
VI бөлім | Конституциялық |
Конституциялық СОТ |
72-бап | Қолданыстағы редакцияда мұндай мүмкіндіктер жоқ | 3. КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ СОТ АЗАМАТТАРДЫҢ ӨТІНІШТЕРІ бойынша Конституцияда бекітілген, олардың құқықтары мен бостандықтарын тікелей қозғайтын Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Республика Конституциясына сәйкестігін қарайды. |
83-1-бап ЖАҢА |
Қолданыстағы редакцияда мұндай институт жоқ | 1. Қазақстан Республикасындағы АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫ ЖӨНІНДЕГІ УӘКІЛ адамның және азаматтың бұзылған құқықтары мен бостандықтарын қалпына келтіруге жәрдемдеседі, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын ілгерілетуге ықпал етеді. |
87-бап 4, 5-т. |
4. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдерін қызметке тиісінше областардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың мәслихаттарының келісімімен Республика Президенті тағайындайды. | Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдерін қызметке тиісінше облыс аумағында орналасқан мәслихаттар депуттарының немесе республикалық маңызы бар қалалар мен астана мәслихаттары депутаттарының келісімімен Республика Президенті тағайындайды. Республика Президенті ДАУЫС БЕРУ ӨТКІЗІЛЕТІН КЕМІНДЕ ЕКІ КАНДИДАТУРА ҰСЫНАДЫ. Дауыс беруге қатысқан мәслихаттар депутаттарының көп дауысын алған кадидат келісім алған болып есептеледі. |