31 мамыр-саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні

31 мамыр-саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні


31.05.2022 Барлық жаңалықтар


Бүгін, 31 мамыр – Қазақстанда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні.

Өткен ғасырдың ең қилы кезеңі саналатын 20-50 жылдардағы саяси қуғын-сүргін зобалаңның қасіретін үш миллионға жуық адам тартты.

Олардың қатарында қазақтың көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлері Ә. Бөкейхан, А. Байтұрсынұлы, М. Тынышбаев, М. Дулатұлы, Т. Рысқұлов, М. Жұмабаев, С. Сейфуллин, І. Жансүгіров, Б. Майлин, С. Асфендияров сияқты басқа да көптеген ұлт зиялылары бар.

Өткен ғасырдағы зұлмат жылдар – біздің тарихымыздан терең сыр шертіп, болашаққа үлкен жауапкершілік негіздегенін айғақтайды. Еліміздің тәуелсіздігі үшін күресіп, кең байтақ жерімізді ұрпағына аманат еткен Ата-бабаларымыздың рухына тағзым ету – Отан алдындағы баршамыздың борышымыз!

ENERGO UNIVERSITY