06.03.2020 Барлық жаңалықтар
2019 жылдың 17 қыркүйегінде Ғұмарбек Дәукеев ат. Алматы энергетика және байланыс университетінің акт залында ректор Сауле Саветовнаның төрағалығымен Ғылыми кеңестің кеңейтілген отырысы өтті. Күн тәртібінде 2019 жылғы 26 тамыздағы АЭжБУ КеАҚ Акционерлер жиналысының шешімі, сондай-ақ 2018/2019 оқу жылындағы АЭжБУ қызметінің қорытындылары және 2019/2020 жаңа оқу жылына арналған міндеттер туралы мәселелер қарастырылды. Өзекті мәселелерді талқыламас бұрын, университет қызметкерлерін жастарға берген тәрбиесі, жемісті ғылыми-зерттеу қызметтері мен педагогикалық еңбегі үшін грамоталармен және алғыс хаттармен марапаттады.
С.С. Сагинтаева АЭжБУ ұжымын университет атауын Ғ.Дәукеев ат. Алматы энергетика және байланыс университеті деп қайта атау бойынша АЭжБУ КеАҚ Акционерлер жиналысының 2019 ж. 26 тамызда қабылдаған шешімімен және университет дамуының жаңа кезеңімен құттықтады. Ректор университеттің 2018 жылы UI GreenMetric халықаралық университеттер рейтингісіне қатысып, Қазақстан университеттері арасында 3-4 орынды, әлем университеттері арасында 480 орынды иеленген Қазақстанның жетекші жоғары оқу орны ретінде бұдан әрі дамуымен байланысты барлық аспектілерді атап өтті.
Ғылыми кеңесте ректор Сауле Саветовна Сагинтаева 2018/2019 оқу жылындағы университет қызметтерінің қорытындысы толық қамтылған презентацияны көрсетті, сондай-ақ жаңа оқу жылына жоспарланған жұмыстар бойынша университет қызметкерлеріне нақты тапсырмалар берді. Отырыс қорытындысы бойынша 2019/2020 оқу жылына жұмыс жоспары бекітілді.