ШАЯХМЕТ АБАЛАКОВИЧ АБУХАНОВТЫ 60 ЖАСҚА ТОЛУ МЕРЕЙТОЙЫМЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

ШАЯХМЕТ АБАЛАКОВИЧ АБУХАНОВТЫ 60 ЖАСҚА ТОЛУ МЕРЕЙТОЙЫМЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

27.06.2022 Барлық жаңалықтар


27 маусымда «Әлеуметтік пәндер» кафедрасының аға оқытушысы Шаяхмет Абалакович Абуханов өзінің 60 жасқа толу мерейтойын атап өтеді.

Шаяхмет Абалакович Абуханов 1962 жылы 27 маусымда Алматы облысы, Ұйғыр ауданы, Кіші –Дихан ауылында өмірге келген.  

1985 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ ұлттық мемлекеттік университетінің тарих факультетіне түсіп, 1989 жылы бітірген.

1989 жылы университет берген жолдамамен Жамбыл облысы Сарысу ауданы К.Маркс орта мектебінде еңбек жолын бастап, тарих пәнінің мұғалімі болып жұмыс атқарды.

1993 жылдан бастап 2016 жылға дейін Қ.И.Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің «Қоғамдық пәндер» кафедрасында  аға оқытушы ретінде  қызмет атқарып, студенттерге сабақ жүргізумен қатар, тәлім-тәрбие берді.

Сонымен қатар, Алматы денсаулық сақтау басқармасына қарасты Қазақ-Ресей медицина университетінде және Қазақ ұлттық аграрлық университетінде жұмыс істеді.

2021 жылдың қыркүйек айынан бастап  Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінің «Әлеуметтік пәндер» кафедрасында жұмыс істеп келеді. 

Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінің ұжымы Сізге зор денсаулық, мол бақыт, жұмысыңызға шығармашылық табыс пен жетістіктер тілейді! Сіздің кәсіби шеберлігіңіз бен адалдығыңыз біздің елімізге ұзақ уақыт қызмет етіп, жаңа жетістіктерге негіз болсын!