Шет тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификаты бар тұлғалар магистратураға КТ-ның шет тілі бойынша тестінен босатылады

Шет тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификаты бар тұлғалар магистратураға КТ-ның шет тілі бойынша тестінен босатылады

27.06.2022 Барлық жаңалықтар


Шет тілін меңгергенін растайтын бір халықаралық сертификаттары бар тұлғалар мынадай тілдер бойынша магистратураға кешенді тестілеудің шет тілі бойынша тестінен босатылады:

АҒЫЛШЫН ТІЛІ:

IELTS Academic – кемінде 6,0;         

TOEFL IBT – кемінде 60;     

TOEFL PBT – кемінде 498. 

НЕМІС ТІЛІ:

DSH – Niveau С1/C1 деңгейі; 

TestDaF-Prufung – NiveauC1/ C1 деңгейі. 

ФРАНЦУЗ ТІЛІ:

TFI – оқу және тыңдалым секциялары бойынша B1 деңгейден төмен емес;

DELF – B2 деңгейі;

DALF – C1 деңгейі;

TCF  – кемінде 50 балл.

КТ-ға тіркелу кезінде сертификаттың барын және балын белгілейсіз. Сертификаттары бар тұлғаларға білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін өтініш берген кезде, сондай-ақ ақылы негізде ЖЖОКБҰ-ға қабылданған кезде 50 балл есептеледі.

TESTCENTER.KZ материалдары бойынша // Шет тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификаттары бар тұлғалар магистратураға КТ-ның шет тілі бойынша тестінен босатылады//Автор: TESTCENTER.KZ - 2022-23 маусымы.