05.07.2022 Барлық жаңалықтар
Құрметті докторантураға түсушілер!
2022 жылғы 5 шілде мен 3 тамыз аралығында докторантураға өтініштерді қабылдау app.testcenter.kz сайты арқылы жүргізіледі.
Түсу емтихандары 2022 жылдың 4-20 тамыз аралығында өткізіледі.
‼️Тіркелу барысында Сіз емтихан тапсыру ҚАЛАСЫН өзіңіз таңдайсыз.
2022 жылғы докторантура бойынша CHEK-LIST:
Өтініш бергеннен кейін түсушіге емтихан тапсыру қаласына немесе тіліне, сондай-ақ білім беру бағдарламаларының тобына өзгеріс енгізу қажет болған жағдайда 3 тамызға дейін (бұл күні база жабылады) өтінішті түзетуге және өшіруге мүмкіндік беріледі.
Өтініштерді қабылдау базасы жабылғаннан кейін таңдалған білім беру бағдарламалары тобы өзгертілмейді.
Биылдан бастап түсушілер міндетті түрде ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша мемлекеттік тілді меңгергенін растайтын сертификат ұсынуы керек.
Шетел тілі бойынша тест тапсырғаны туралы сертификат ұсыну қажет (TOEFL ІTP сертификаты бар тұлғалар докторантураға түсу емтиханы басталғанға дейін ағылшын тілін білуге арналған қосымша тестілеуді тапсырады).
Білім беру грантын тағайындау бойынша конкурсқа өтініш бергенге дейін түсушіде Ұлттық білім беру деректер қорында (ҰБДҚ) «білім алушы» мәртебесі болмауы қажет.
Докторантураға «магистр» дәрежесі және кемінде 9 (тоғыз) ай еңбек өтілі бар немесе медицина мамандықтары бойынша резидентурада оқу бітірген адамдар қабылданады.
Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша және ақылы негізде докторантураға түсу үшін шекті балл 75-ті құрайды.
4 мен 20 тамыз аралығында өткізілетін түсу емтиханының сертификаты ағымдағы күнтізбелік жылғы 1 желтоқсанға дейін жарамды болады.
Түсу емтихандарының құны – 15 804 теңге.
Емтихан орны мен уақыты туралы ақпарат түсушінің жеке кабинетінде қолжетімді болады.
TESTCENTER.KZ материалдары бойынша // Құрметті докторантураға түсушілер! //Автор: TESTCENTER.KZ - 2022-30 маусымы.