АЭжБУ профессоры Вячеслав Владимирович Стояктың туғанына 70 жыл толуына арналған Ғылыми кеңестің салтанатты отырысы

АЭжБУ профессоры Вячеслав Владимирович Стояктың туғанына 70 жыл толуына арналған Ғылыми кеңестің салтанатты отырысы


03.10.2019 Барлық жаңалықтар


2019 жылдың 02 қазанында Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінің акт залында Вячеслав Владимирович Стояктың туғанына 70 жыл және инженерлік, ғылыми, педагогикалық және қоғамдық қызметіне 40 жыл толуына арналған Ғылыми кеңестің салтанатты отырысы өткізілді.

Вячеслав Владимирович Стояк техника ғылымдарының кандидаты, профессор, Қазақстан электр энергетика қауымдастығының еңбегі сіңген энергетигі (2010), «ТМД еңбек сіңірген энергетигі» құрметті атағының (2016),  «Электр энергетикасы саласына қосқан үлесі үшін» медалінің (2018) иесі.

Ғылыми кеңестің салтанатты отырысын Ғ.Дәукеев ат. Алматы энергетика және байланыс университетінің ректоры Сәуле Саветовна Сагинтаева мерейтой иесін құттықтау сөзімен ашты, сондай-ақ В.В. Стояктың 2009-5019 жылдар аралығында Ғылыми жұмыс және халықаралық байланыс проректоры қызметін атқарғанын,  қазіргі уақытта АЭжБУ-де ректордың ғылым бойынша кеңесшісі лауазымында жұмыс істейтіндігін атап өтті.

Ғылыми және инновациялық қызмет проректоры А.А. Саухимов мерейтой иесінің өмірбаяны мен еңбек жолындағы қызметі туралы баяндама оқыды.

Академик Б.К. Алияров, АЭжБУ институттарының директорлары өз құттықтауларын білдіре отырып, В.В. Стояктың АЭжБУ халықаралық жобаларына белсенді араласатындығына ерекше тоқтала кетті. 1994 – 1998 жылдары аралығында Еуропалық комиссияның сыртқы экономикалық байланысы бас директоратында TACIS – энергетикалық сектор жобасы бойынша Қазақстан Республикасында кеңесші-бақылаушы лауазымында жұмыс істеді. 1998 – 2002 жылдары аралығында энергетика, көлік және телекоммуникация секторының TACIS Monitoring: Кавказ, Орталық Азия және Монғолия бағдарламасы бойынша Ұлттық бақылаушы  (Monitor) қызметін атқарды. АЭжБУ-де «Энергия тиімді құрылыс және энергияның жаңғыртылатын көздері бойынша магистрлік бағдарлама» – MAPRE жобасының үйлестірушісі болды.

2010 жылдан бастап «Шанхай ынтымақтастық ұйым университеті» бағдарламасы бойынша АЭжБУ-де жоба үйлестірушісі болды.

2018 жылдан бастап АЭжБУ-де USAID «Болашақ энергиясы» жобасының үйлестірушісі болды. Қазіргі уақытта осы жоба аясында  «Tetra Tech» компаниясының қаражаты есебінен ЭЖК тарта отырып, виртуалды жылу электр ортасын құру саласында ҒЗЖ үшін зерттеу базасы құрылып жатыр.

ENERGO UNIVERSITY