Гранттық қаржыландыруға арналған жобалар

Гранттық қаржыландыруға арналған жобалар


17.08.2022 Барлық жаңалықтар


"Ақпараттық, коммуникациялық және ғарыштық технологиялар" басымдығы жөніндегі ұлттық ғылыми кеңестің шешімімен 2022-2024 жылдарға арналған гранттық қаржыландырудың 2 жобасы мақұлданды:

1.CubeSat форма-факторы үшін ең жақсы және оңтайлы сипаттамалары бар "Спутник-спутник" тар бағытталған антенна жүйелерін әзірлеу және құру. Ғылыми жетекшісі –Қуаныш Арингожаұлы Әліпбаев, Телекоммуникация және ғарыштық инженерия институтының директоры, PhD.

2.Asterisk IP-АТС базасында телекоммуникациялық желінің қауіпсіздігін арттыру әдісін әзірлеу. Ғылыми жетекшісі –Мубарак Захидовна Якубова, "Ақпараттық жүйелер және киберқауіпсіздік" кафедрасының профессоры

Жетекшілер мен орындаушылар командасын құттықтаймыз!

Ғылым және коммерцияландыру департаменті 

"Энергетика және машина жасау" басымдығы жөніндегі ұлттық ғылыми кеңестің шешімімен 2022-2024 жылдарға арналған гранттық қаржыландырудың 3 жобасы мақұлданды:

1. "Қазақстандағы газтурбиналық қондырғылардың экологиялық қауіпсіздігі мен жұмыс тиімділігін арттыру үшін ГТҚ жану камераларының алдыңғы қатарлы жаңа құрылғыларын әзірлеу және зерттеу". Ғылыми жетекшісі - Абай Мухамедиярович Достияров , "Жылу энергетикалық қондырғылар" кафедрасының профессоры;
2. "Орталықтан тепкіш механизмдердің энергия тиімді объектіге бағытталған электр жетегін зерттеу және дамыту". Ғылыми жетекшісі -  Нургуль Канаевна Алмуратова, "Электр машиналары және электр жетектері"кафедрасының доценті;
3. "Жаңартылатын энергия көздері бар автономды жүйелерді қамтитын мұнай-газ кешендерінің электр желілерінің режимдік сенімділігін бақылаудың және болжаудың зияткерлік жүйесі". Ғылыми жетекшісі - Кармель Камилович Тохтибакиев , "Электроэнергетикалық жүйелер" кафедрасының доценті.

Жетекшілер мен орындаушылар командасын құттықтаймыз! Шығармашылық табыс пен жаңа жеңістер тілейміз!

Ғылым және коммерцияландыру департаменті
 

ENERGO UNIVERSITY