BBQ Business Fest

BBQ Business Fest


22.08.2022 Барлық жаңалықтар


18 тамызда Алматыда BBQ Business Fest өтті, оған жас кәсіпкерлер мен бизнес орта өкілдері қатысты. Іс-шараның спикерлері Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының басшысы Қайыржан Меңдіғалиев және Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы Берік Солтанбаев, UIB университетінің ректоры Анар Махметова, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің ректоры Гүлмира Қанай және БАҚ өкілдері болды.

АЭжБУ делегациясы атынан: Мансап орталығының басшысы Зере Уржанова , жастар саясаты департаменті директорының орынбасары Елікбай Каби , ғылыми топтармен жұмыс жөніндегі маман Назерке Абдраманова, инновациялық қызмет жөніндегі маман Айдана  Ілиясова қатысып қана қоймай, қала студенттері арасында кәсіпкерлікті дамыту және біздің университет базасында студенттермен осы іс-шараның форматын одан әрі ілгерілету бойынша ұсыныстарды талқылады және енгізді.  Кәсіпкерлікті дамыту үшін экожүйені құру және осы бағытты қолдау сөзсіз маңызды және осы бағытта барлық күш-жігер мен білімді жұмсау қажет. BBQ Business Fest нәтижелері бойынша біздің студенттермен бірқатар іс-шаралар және ұқсас алаңдар құру жоспарланған.

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев айтқандай - білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік, патриотизм ел жастары үшін басты бағыт болуы тиіс. Біздің студенттер мен түлектер осы сөздердің жарқын дәлелі болатынына және біз оларды барлық алаңдарда мақтан тұтатынымызға сенімдіміз.

ENERGO UNIVERSITY