Қымбатты әріптестер – Құрметті оқытушылар!

Қымбатты әріптестер – Құрметті оқытушылар!


04.10.2019 Барлық жаңалықтар


Сіздерді төл мерекелеріңіз – Ұстаздар күні мейрамымен шын жүректен құттықтаймын!  Сіздердің мамандықтарыңыз елдегі ең қадірлі, ең мерейлі әрі аса жауапты мамандық. Себебі Қазақстанның болашағы сіздердің қолдарыңызда. Жастар болашағы, оқуда қандай жетістікке жететіні, өмірде қаншалықты табысты, іскер болатыны тікелей тәлімгерге байланысты.
Біз «Ғ.Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті» оқытушылары шәкірттеріміздің жеткен жетістіктері үшін мақтан тұтамыз,  дәл осында еліміздің дамуы үшін үлкен үлес қосар болашақ инженерлер, менеджерлер, экономисттер мен көптеген маман иелері білім алуда.

Біздің жетістіктеріміз – бұл тікелей шәкірттеріміздің жетістіктері. Біздің студенттер және бітірушілер өздерінің белсенді жұмыстары арқасында  Alma Mater-дің  атын шығаруда.

Тәуелсіз қазақ елінің дамуына қосып келе жатқан еңбектеріңіз үшін, мен баршаңызға шексіз алғыс білдіремін! Шығармашылық ізденістер, ғылыми жаңалықтарыңыз арта берсін! Мерекелеріңізбен! Мерейлеріңіз үстем болсын!

Ректор

Сагинтаева С.С

ENERGO UNIVERSITY