31.08.2022 Барлық жаңалықтар
26 тамыз 2022 жылы университетіідегі Б.Ж. Қабдөшев басқарып отырған Әлеуметтік пәндер кафедрасының бастамасымен Қазақстан Республикасының Конституциясы Күніне арналған «Жаңа Конституция - елді дамыту жолындағы саяси жаңғырту» тақырыбында оффлайн, онлайн-форматта дөңгелек үстел (ғылыми семинар) өткізілді. Іс-шара барысында спикерлер – саясаттану ғылымының докторы, әлеуметтік пәндер кафедрасының профессоры Мухамбедьярова Алтынай Тулеуовна, Ғұмарбек Дәукеев атындағы АЭжБУ заң ғылымдарының магистрі, Абай атындағы ҚазҰПУ-дың «Құқықтану» кафедрасының аға оқытушысы Османова Гулайна Жалалиевна, философия ғылымдарының кандидаты Ғұмарбек Дәукеев атындағы АЭжБУ-нің Әлеуметтік пәндер кафедрасының доценті Абрахматова Гүлнар Абрайкуловна өз баяндамаларында Жаңарған Конституцияның мән-жайы туралы салиқалы пікірлерін ортаға салды. Университеттегі тәрбие ісіне жауап беретін проректор С.Қ. Махмутовтың құттықтау сөзімен басталған осы дөңгелек столдың соңы-адам және оның құқы, бостандығы мен теңдігі, еркіндігі, биліктің, Қазақстан Халықтар Ассемблеясының, парламент палаталарының қоғамдағы рөлі, ел ішіне кіріп алған 2 миллион шетелдіктердің болашақтағы азаматтығы т.б. осындай сұрақтар төңірегіндегі қызу пікір таластармен көпшіліктің назарын тудыруға ұласты. Әсіресе, бүгінгі таңда бүкіл жергілікті әкімшілік маңайындағы мәслихат депутаттарының қарапайым халықтың құқықтық тұрғыдан басқа да көптеген мәселерді шеше алатын мүмкіндігін білмей отырғанына алаңдаушылық білдірген баяндамашы Гүлнар Абрайкуловның жүрекжарды пікірлері, қатысушылардың бәрін ойландырып тастады. Өйткені спикр, құқықтық мәселедегі істің тетігінің қайда жатқанын біліп сөйлеген еді.
Негізінен, дер кезінде өткізіліп отырған осы іс-шара жаңа оқу жылының басталуындағы импулсь болды десе де болады. Шабыттана сөйлеп, желпіне сұрақ қойып, жұлқынып отырған мамандар, өздерін және қоғамды алаңдатып отырған бүгінгі мәселелердің кез-келгеніне жауап бере алатындығын дәлелдей алды. Бұның өзі дөңгелек столға қатысып отырған спикрлерден басқа да профессор-оқытушылардың жас ұрпаққа Ата заңымыздың маңыздылығын егжей-тегжейлі тұрғыдан жеткізіп бере алады деген сенімге шүбә келтірмеді. Сөйтіп, жаңа оқу жылын Жаңа Конституцияны талқылаудан бастаған Әлеуметтік пәндер кафедрасының ұжымы, енді кіріскелі тұрған оқу жылында дәл осындай маңызды іс-шаралар өткізіп, көпшіліктің көңілінен шыға алатын даярлығының жеткілікті екенін көрсете алды.
Әлеуметтік пәндер кафедрасының профессоры, т.ғ.д Б.Т. Берлібаев