Білім күнімен және жаңа оқу жылының басталуымен құттықтаймыз!

Білім күнімен және жаңа оқу жылының басталуымен құттықтаймыз!


01.09.2022 Барлық жаңалықтар


Құрметті ЖОО оқытушылары мен қызметкерлері!
Құрметті студенттер!


Білім күнімен және жаңа оқу жылының басталуымен шын жүректен құттықтауымды қабыл алыңыздар!

Білім күні барлығымыз үшін игі жетістіктер мен бастамалар  символына айналды. Бұл күн әр адам үшін ерекше қымбат, өйткені біз бәріміз бір кездері оқушы, студент болдық және әлі күнге дейін сол жылдарды ризашылықпен еске аламыз.

Білім - елдің әл-ауқаты қалыптасатын сенімді іргетас. Ақпараттық технологияларды дамытудың ғылыми-техникалық прогресі дәуірінде қоғамның әлеуметтік-экономикалық әлеуетін және оның шығармашылық қызметке қабілеттілігін анықтайтын да - білім.

Бірінші курс студенттеріне сенім мен дұрыс таңдау үшін алғыс айтамын!

Ғұмарбек Дәукеев атындағы АЭжБУ-ге түсу - өзіңе сенімді болашақты қамтамасыз етуді, біздің елде ғана емес, шетелде де сұранысқа ие маман болуды білдіреді. Біздің университет жеке даму үшін кең мүмкіндіктер ұсынады және сіздің студенттік өміріңіздің жарқын, қызықты және пайдалы болуына жол ашады.

Студенттік жылдар жылдам өтіп кетеді. Әр күнідеріңіз жарқын, жылы эмоциялармен естеріңізде қалсын. Мұнда сіз нағыз дос табасыздар, жаңа білім аласыздар, шығармашылық және спорттық таланттарды ашасыздар және алға қойған мақсаттарыңызға жол ашасыздар.

Құрметті бірінші курс студенттері, барлық бастамаларыңызға сәттілік, білімге деген құштарлық, еңбексүйгіштік және болашаққа деген сенімділік тілеймін!

Алғашқы кедергілерді еңсерген жоғары курс студенттеріне сөз арнай отырып, оқуда, ғылымда, спортта, шығармашылық пен еңбекте одан әрі табысты болуға тілектеспін!

Бүгінде АЭжБУ оқытудың заманауи нысандары мен инновациялық әдістерін енгізуде. Біздің ЖОО оқушылардың сапалы және қажетті білім алуына бағытталған. Мұндай бағдарламаларды табысты іске асыру университеттің оқытушылар құрамының – белсенді, бастамашыл, шығармашыл адамдардың жемісті, кәсіби қызметінің нәтижесі болып табылады. Сіздердің жоғары практикалық құзыреттеріңіз бен еңбексүйгіштігіңіз әрқашан жұмысқа көмектеседі. Оқытушылардың баға жетпес тәжірибесі мен студенттердің ізденімпаз ақыл-ойы біздің университеттің негізі болып табылады.

Алған білімдеріміздің арқасында әрқайсымыз табысқа жетіп,  өміріміздің қызықты және алуан түрлі болуына тілектеспін.
Баршаңызды оқу жылының басталуымен тағы да құттықтаймын және әрқайсыңызға табыс пен жетістік тілеймін. Жаңа оқу жылы жарқын жаңалықтар мен үлкен жетістіктер жылы болсын. Сәттілік серік болып, барлық жоспарларыңыз орындалсын!


Ғұмарбек Дәукеев атындағы АЭжБУ ректоры
Сауле Сагинтаева

 

ENERGO UNIVERSITY