Президент Жолдауына пікірлер

Президент Жолдауына пікірлер


02.09.2022 Барлық жаңалықтар


ҚР Президенті Қ.К. Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам»  атты Қазақстан халқына жолдауында  еліміздің дамуына, келешегіне қатысты маңызды мәселелер қамтылды. Жолдауда әлеуметтік-экономикалық салаға ерекше назар аударылған. Әлеуметтік салада азаматтардың жан-жақты қорғалуы үшін бірнеше бастама көтерілді. Атап айтатын болсақ, соңғы кезде әйелдердің зейнет жасын өзгерту мәселесі қоғамда жиі көтеріліп жүргендігі жасырын емес. Енді Президент шешімімен әйелдер зейнет жасы 2028 жылға дейін 61 жас деңгейінде қалады. Сондай-ақ, Ұлттық қордың жыл сайынғы инвестициялық табысының 50 %-ын балалар кәмелет жасқа толғанға  дейін мерзімінен бұрын алу құқығынсыз олардың арнайы жинақтау шоттарына аударуды  ұсынды. Яғни, Ұлттық қор капиталы халық мүддесі үшін, жаңа ұрпақты қаржылай қолдау үшін жұмасалады. Қоғамда жастардың да алатын орны ерекше екендігі белгілі. Президент, Үкіметке жастарға арналған жаңа 100 мың жұмыс орнын ашуды, оларға өз кәсібін ашу үшін 2,5 пайыздық жеңілдетілген несие беруді тапсырды. Яғни, жас мамандар кәсіпкер ретінде қалыптасып, қоғамның толыққанды мүшесіне айналуға мүмкіндік алады.  

Сонымен қатар, педагогикалық жоғары оқу орындарын аккредиттеудің жаңа стандарттарын қабылдауды және педагог құзіреттілігінің шеңберін әзірлеу,  дарынды мамандарды тарту үшін көші-қон саясатын қайта қарау, судьялардың тәуелсіздігін қамамасыз ету, экономикамызға жаңа инвесторлар тарту мәселесі, ең төменгі жалақы деңгейін көтеру сияқты және т.б. маңызды мәселелерге байланысты нақты  ұсыныстар мен міндеттер қойылғандығы көңілге ерекше сенім ұялатады.

Мемлекет басшысы 2022 жылдың күзінде кезектен тыс Президент сайлауы болатынын жариялады және Президент мандатын 7 жылға созылатын мерзімге шектеп, қайта сайлауға тыйым салуды ұсынды.

Президент өзі  басшылыққа алған әділеттілік, әлеуметтік теңдік және  ашықтық сынды құндылықтарды жүйелі түрде нақты шешімдерге, заңдарға айналдыруды жалғастырып келеді. Бұл дегеніміз әділетті Қазақстанды орнатудың бірден – бір алғышарты деп есептейміз.    Біз мемлекетіміздің болашағына сенеміз және Президенттің еліміздің кемел келешегі үшін бағытталған әр  бастамасын қолдаймыз.

Әлеуметтік пәндер кафедрасының аға оқытушылар

 А.Ә.Әбдіқалық және Бисенова А.З.

Білім күнімен орайласқан Жолдау

«Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады» мәтелі, тегінде «білімді бәрін жығады» деп айтылса керек. Өйткені білім санмен емес, сапамен өлшенетінін ескерсек, білімнің адамға деген пайдасы-шексіз ғой. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев кезекті Жолдауында «Жаңа Қазақстанның» қарыштап-гүлденуін біліммен байланыстырғанда, мәселенің осы жағын ескеріп отыр. Иә, білімі төмен елдің басқа елмен теңесуі қиынға соғары рас.

Кеңес кезінде партияның бағдарламалары мен съездерін дәрептесек, экс-президент кезінде де түрлі Жолдаулар болған. Халық жағалай жамырап, сол жолдаулардан да айды аспанға шығаратын жақсылықтар күткені тағы рас. Ал енді соған қарап, бұл өзі «қосынды өзгермейтіннің» кері болып жүрмесін деп ойласақ, қателесеміз. Сондықтан біз, мақтау мен мадақтауларды ысырып қойып, осы Жолдаудағы нақты мәселеге келсек, «Президент сайлауы 7 жыл, одан соң Президент болған адам сайлауға түспейді» деген шешім - нағыз әділ тұжырым. Кейде президенттер 4 жылға сайланып, көбі екінші мерзімге өтіп жатады. Ал үшінші мерзімге де сайланушылар болғанмен, бұл бітпейтін сайлаулар, біріншіден, халықты ығыр қылып жатса, екіншіден, сайлауға бөлінетін қыруар шығынның керегі не? Үшіншіден, ұзақ мерзімде отырған адам, бәрібір өз беделін ғана жоғалтып қоймайды, сонымен бірге ол дандайсу ауыруына шалдығып, біртіндеп елдің берекесін кетіреді. Төртіншіден, жастарға деген сенім жоғалып, олардың алға ұмтылуына бөгет жасалады. Ақырында бұл жағдай, жастардың бойында не болса сол болсын деген көңіл-күй қалыптастырады да, қоғамның ілгерілеуін тұралатып тастайды. Осы арада менің пайымдауымша, Президенттің «әділетті қоғамды бірге орнатайық! Ол үшін мықты Президент, ықпалды Парламент, іскер Үкімет керек», - деп айтып жүргендерінің барлық тетігі айналып келгенде Президенттің беделіне байланысты болып тұрғас сияқты.

Бақдәулет Тұрбекұлы Берлібаев - тарих ғылымдарының докторы, профессор

Мақсаты айқын жаңа Жолдау

Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты  бүгінгі Жолдауының мән-маңызы айрықша. Әрбір қоғам мүшесі үлкен үмітпен  күтетін биылғы Жолдау «Білім күні» мерекесімен тұспа-тұс келді. Мемлекет басшысы Жолдаудың арқалайтын жүгі бір жылмен шектелмейтінін, ауқымы кең, мазмұны да бөлек екенін, алдымызға биік мақсаттар қойып отырғанымызды атап өтті. Еліміздің әр азаматының көкейінде жүрген мәселені шешу жолына арналған жаңа жолдау еліміздің болашақ дамуы мен алдағы күнге бетбұрысын айқындап берді. Мемлекет басшысы өз Жолдауындағы үшінші бағдар ретінде білім беру жүйесіне тоқталып, бұл саланың ұлт сапасын жақсарту ісінде маңызды рөл атқаратындығын, сондықтан да мектепке дейінгі тәрбие жұмысы басты назарда болуы керектігін, орта білімнің сапасы-табысты ұлт болудың маңызды шарты екендігін атап көрсетті: «Білімді және бірнеше тілді меңгерген ұрпақ болашаққа сеніммен қадам басады. Біздің күшіміз – жастардың білімінде. Техникалық және кәсіби білім беретін оқу орындары еңбек нарығының нақты сұранысына бейімделуі және еліміздің жаңа экономикалық бағдарының міндеттеріне сай болуы керек», -деп, білім жүйесіндегі түйткіл мәселелерге  ерекше тоқталып өтті. Заманауи қоғамда еліміздің әрбір азаматы жоғары білім мен қажырлы еңбектің нәтижесінде ғана биік белестерге шығатынын ашық жеткізді. Жаңа Жолдау жаңа міндеттерді айқындап берді. Осы міндеттерді іске асыру жаңа Қазақстанның дамуы үшін үлкен мүмкіндіктерге жол ашады деген сенімдемін.

«Тіл білімдері» кафедрасының аға оқытушысы: Г.С. Алмухаметова

Еліміздің Президенті Қ.Тоқаев бүгінгі дәстүрлі «құлақ асатын мемлекет», «Әділетті Қазақстанға» қоса «Күшті Президент» идеясы бастамасы көтерілді. Ол үшін әуелі экономикада тұрақтылықты, әділеттілікті орнықтыру (баға мәселесі, монополия, тиімді салық саясаты, бақылаудың электронды тәсіліне көшу) үкіметтің басты назарында болу керек, депті.

Ол түсінікті, әлеуметтік жұмыс қаржы-қаражатты салатын сала бола бермек. Алайда билік шикізат көздері арқылы қаржы табу саясатынан бас тартпайтын сияқты. Сол үшін өндіріске, жер асты байлығын игеруге инвестиция тартылу керектігі айтылды.

Ауылшаруашылығын дамытуда 5 млн гектар жер қайтарылып, қолданыстағы озық технологияны кеңінен енгізу ұсынылды.

Су мәселесі ушығып тұр, әлі ушығады. Ендеше бұл шаруаны шешетін мамандар керек. Су саласын дамытудың 3 жылдық жобасын жасау туралы ұсыныс жасалды.

Білім беру бағытында толғандыратыны жастардың көкейтесті мәселелері болып отыр.  Ұрпақ тәрбиесі толыққанды болу үшін мемлекеттік қамқорлық керек.

Сапалы білім алу жолында студенттерді не толғандырады?! Ол турасында шешімі айтылған мәселелер: жатақхана салу, сапалы оқу орнын таңдау, жұмыспен қамтамасыз ету жайлы әңгіме қозғалды.

Ендігі күдікті қойып, үміт үзбейік, тапсырмалардың орындалатындығына сенейік!

Жаңа Қазақстанды құрайық!

Әлеуметтік пәндер кафедрасының меңгерушісі Болат Жоламанұлы

 

ENERGO UNIVERSITY