05.09.2022 Барлық жаңалықтар
Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінде Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына арналған салтанатты ашылу рәсімі өтті.
Бүгін 5 қыркүйек, Ұлт ұстазы, түрколог, Алаш қайраткері, Ұлттық жазу реформаторы, қазақ тілі мен әдебиеті ғылымының негізін қалаушы Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толды.
Ахмет Байтұрсынұлы жылының АЭжБУ-да өткізілген салтанатты ашылу рәсіміне ғалымдар, оқытушылар, студенттер мен жоғары оқу орындарының басшылары қатысты.
Ашылу барысында Ахмет Байтұрсынұлының ескерткішіне гүл шоқтары қойылды, Ахмет Байтұрсынұлының еңбектері мен жарияланымдарынан тұратын АЭжБУ көрмесі ұйымдастырылып, ЖОО басшыларының келесі баяндамалары тыңдалды:
- "Ахмет Байтұрсынұлы - Ұлт ұстазы, реформатор және ғалым", Қауымдастықтың бірінші вице-президенті
- " Ахмет Байтұрсынұлы - Ғасыр көшбасшысы", М.Әуезов атындағы Қазақстан мемлекеттік университетінің ректоры, т.ғ.д., профессор Дария Пернешқызы Қожамжарова
-
"Ахмет Байтұрсынұлының білім беруді реформалаудағы негізгі принциптері: болашаққа көзқарас", Ғ.Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінің ректоры, экономика ғылымдарының докторы, физика-математика ғылымдарының кандидаты, профессор Сауле Саветовна Сагинтаева
Салтанатты іс-шараның соңында АЭжБУ ректоры Сауле Сагинтаеваны, ОҚМУ ректоры Дария Қожамжарованы және ҚР жоғары оқу орындары қауымдастығының бірінші вице-президенті Әли Әбішевті Қазақстан Республикасының Білім және ғылым саласындағы көп жылғы жемісті еңбегі үшін Ахмет Байтұрсынұлы атындағы орденмен марапаттау рәсімі өтті.
Ұлы ағартушы Ахмет Байтұрсынұлының есімі - ұлттық тарих шежіресінде. Оның рухани мұрасы баға жетпес. Қазақстандықтар А.Байтұрсынұлын Ұлт ұстазы ретінде таниды және ұмытпайды.