14.09.2022 Барлық жаңалықтар
Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетіне Eurasia Talent Ecosystem директоры Тамара Тавсултанова және корпоративтік клиенттермен жұмыс жүргізу жөніндегі менеджер Жазира Камашбек келді, Олар АЭжБУ Huawei АКТ-академиясы базасындағы өзекті мәселелерді талқылады.
Кездесу барысында Huawei компаниясы мен АЭжБУ арасындағы өзара қатынасты студенттерді оқыту және олардың IT құзыреттілігінің деңгейін арттыру саласы бойынша кеңейту мәселелері айтылды. Huawei компаниясы ұсынатын Оқу материалдары негізінде студенттерді "Жасанды интеллект" және "Big Data" бағдарламасы бойынша оқуға тарту туралы ұсыныстар қарастырылды.
Сондай-ақ, іс-шара барысында АЭжБУ ICT Huawei академиясы базасында басқа ЖОО студенттерінің Академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша білім алуы талқыланды.
АЭжБУ Huawei АКТ-академиясының базасында студенттерге Huawei халықаралық сертификатын алу және болашақта мамандануы бойынша жұмысқа орналасуға көмектесетін практикалық дағдыларды игеру мүмкіндігімен компанияның ақпараттық-коммуникациялық өнімдері мен технологияларына қолжетімділік беріледі.