09.10.2019 Барлық жаңалықтар
2019 жылдың 9 қыркүйегінде кітапхананың оқу залында «ЖАҢАРУ» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» РҚБ Алматы қалалық филиалының қатысуымен «Қазақстанды цифрландыру – сыбайлас жемқорлықпен күресудің бірден бір құралы» тақырыбында семинар өтті. Бұл шара мақсаты қазіргі қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірлескен қызметті үйлестіру үшін алаң құру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беруді және тәрбиелеуді құқықтық мәдениетті қалыптастырудың маңызды факторы ретінде мақсаттыбағытта енгізу және кезеңмен дамыту.
Семинар барысында «Сандық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мәселелері, сандық кезеңнің Қазақстан экономикасына алып келетін жаһандық қауіпі мен мүмкіндіктері қарастырылды. Қатерлерді басқару жүйесін толық автоматтандыру цифрландырудың шешуші мақсаты болуы қажет. Бұл ретте, сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу мәселесінде ерекше көңіл жастардың бойына адал, әділетті сияқты моральді-этикалық ұстанымды сіңіруге бөлінеді.
Семинар жұмысына «Жаңару» Қоғамдық бірлестіктің Қалалық филиалы кеңесінің мүшелері, университет басшылығы, оқытушылар мен студенттер т.б. қонақтар қатысты.
Семинар модераторы «ЖАҢАРУ» РҚБ АҚФ директоры К.К. Ускенов болды. Ғ.Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінің Тәрбие жұмысы проректоры С.К. Махмутов семинар қатысушыларына алғы сөзін жолдады. АЭжБУ Электр техникасы кафедрасының меңгерушісі Г.Д. Мусапирова «Энергетиканы сандық трансформациялау – сыбайлас жемқорлықтан панацея немесе иллюзия» тақырыбында баяндама оқыды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет мәселесі бойынша өткізілген шара бүгінгі күні өзінің маңыздылығы мен өзектілігін көрсететіндігін атап өткен жөн.