«АЭжБУ-дегі Латвия университеті күні»

«АЭжБУ-дегі Латвия университеті күні»


11.10.2019 Барлық жаңалықтар


2019 жылдың 10 қазаны күні Алматы энергетика және байланыс университетінің акт залында «АЭжБУ-дегі Латвия университеті күні» өтті

 Осы оқиғаға арналған іс-шараларда институт декандары, оқытушылар, қызметкерлер мен университет студенттері, сонымен қатар Алматы қаласының  ЖОО қонақтары қатысты.

Акт залында өткізілген шара аясында, АЭжБУ ректоры, экономика ғылымдарының докторы, профессор С.Сагинтаева сөз сөйледі. Ол халықаралық байланыстар және университет жетістіктері туралы айтып, екі университеттің кездесуін ұйымдастыру бойынша үлкен жұмыстар атқарылғанын ескере кетті, Меморандумға қол қою алдағы уақытта университеттер арасында студенттер, оқытушылар мен қызметкерлер арасындағы алмасуға, конференциялар мен семинарларға қатысуға, ақпараттармен және ғылыми басылымдармен алмасуға, студенттердің тағылымдамасын рәсімдеуге, бакалавриат және магистратура бағдарламасы бойынша бірлесе қос дипломдық білім бағдарламаларын дайындауға мүмкіндік беретінін айтты.

АЭжБУ Президенті, физика ғылымдарының докторы, профессор Г.Ревалде өзінін сөзінде, Латвия университеті оның шамамен 25 жыл жұмыс жасаған  Alma Mater-і болып саналатынын айта кетті, Г.Ревалде: «АЭжБУ-ге Латвия Университетінің Есептеу техникасы факультеті кеңесінің негізін салушысы және жетекшісі, профессор Юрис Борзовтың басшылығымен Латвия университеті бітірушілерінің «Jubilate» хоры құрамынан тұратын 50 адамнан құралған  үлкен делегация келгеніне өте қуаныштымын»-деп алғысын білдірді. Г.Ревалде АЭжБУ U-Multirank халықаралық рейтингісінің “Жұмыс ортасымен ынтымақтастық” индикаторы бойынша шамамен 2000 университеттің ішінен 7 орын алғаны туралы қуанышты жаңалықпен бөлісті. Латвия Университетінің Есептеу техникасы факультеті кеңесінің негізін салушысы және жетекшісі, Информатика факультетінің деканы, профессор, Латвия Ғылым академиясының корреспондент мүшесі Юрис Борзов университет туралы айтып, мемлекеттер арасындағы  экономика, саясат және рухани байланыстарға көңіл бөлді. Қатысушылардың көбіне халықаралық рейтингтерге сәйкес, University of  Latvia  – әлемнің үздік университеттерінің 5 пайызына кіретін Латвиядағы үздік оқу орны екенін білу қызықты болды. Ол өзінін таныстырылымында АЭжБУ оқытушыларын, қызметкерлері мен студенттерін Латвия университетінің қызметімен таныстырды.

Латвия университеті Латвия Республикасындағы ең үлкен мемлекеттік университет және де ол осы жылы өзінін 100 жылдығын тойлауда. Латвия университетінде жаратылыстану және техникалық ғылымдар, медицина және денсаулықты қорғау, әлеуметтік пәндер, гуманитарлық ғылымдар және өнер бағыттары бойынша 13 факультет жұмыс жасайды. Сонымен қатар 20 астам зерттеу институттарында зерттеулер жүргізіледі.

Шара маэстро, профессор Юрис Круминьштың басшылығымен Латвия университеті бітірушілерінің “Jubilate” хоры халықаралық студенттік әнұран «Gaudeamus» шырқауынан басталды. Бағдарламада отан және  латвиялықтар  туралы латвиялық әндер, танымал композитор Раймонд Паулстың әндері, Абаядың «Көзімнің қарасы» әндері болды.

Салтанатты іс-шара аясында, университеттер арасында  серіктестік туралы “General Agreement between Almaty University of Power ‘Engineering and Telecommunication and University of Latvia” Меморандумына қол қойылды.  Құжатқа  АЭжБУ ректоры С.Сагинтаева  және     Латвия Университетінің Есептеу техникасы факультеті кеңесінің негізін салушысы және жетекшісі, профессор Юрис Борзов қол қойды.  Қол қойылған құжат алдағы уақытта екі университет арасындағы тығыз байланысты жетілдіру және ұлғайту мақсатында  ғылым және білім саласындағы ұзақ мерзімді және өзара тиімді серіктестікті нығайтуға бағытталған. Оқытушылар мен қызметкерлер үшін күннің екінші жартысында «Оқу  бағдарламаларына арналған еуропалық (EURO-INF) рамалы стандарт және тіркеу өлшемшарты» тақырыбына семинар ұйымдастырылды. Семинар еуропалық білім стандарты туралы үлкен материалдың таныстырылымынан аударылды.  Тыңдаушылар Латвия Университетінің информатика факультетінің продеканы, профессор Ю.Борзовпен оқу-білім бағдарламаларын дайындауға  белсене қатысып, өздерінің тәжірибелерімен бөлісті.

ENERGO UNIVERSITY