АЭжБУ студенттеріне Cisco сертификаттарын салтанатты түрде тапсыру

АЭжБУ студенттеріне Cisco сертификаттарын салтанатты түрде тапсыру


27.09.2022 Барлық жаңалықтар


CISCO желілік академиясы Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінде 2001 жылдан бастап жұмыс істейді. Бұл жоғары оқу орнының базасында ашылған Қазақстандағы алғашқы Академия болды.

Cisco Systems компаниясы телекоммуникациялық жабдықтың жетекші вендоры болып табылады, әрі желілік және телекоммуникациялық жабдықты сатудың жиынтық көлемі бойынша жыл сайын әлемде бірінші орын алады, мұны әлемдік аналитикалық топтар куәландырады.

Сisco Желілік академиясында желілер, бағдарламалау, заттар интернеті, ақпараттық технологиялар, бұлт жүйелері және киберқауіпсіздік бойынша курстардың толық және кең желісі жұмыс істейді. Осы курстардың ішіндегі ең танымалдары оқу процесіне Майнорлар ретінде енгізілді, ал біздің студенттер халықаралық бағдарлама бойынша атақты вендордан авторландырылған сертификат алу мүмкіндігіне ие болды.

Өткен оқу жылында Майнор аясында студенттер Cisco Желілік Академиясының бағдарламасы бойынша курстың үш түрінен өтті және 250-ге жуық студент сертификатталды.

Академия инструкторы, Ақпараттық жүйелер және киберқауіпсіздік кафедрасының аға оқытушысы

Cisco Желілік Академиясынан Академия шеңберіндегі 5 және 10 жылдық үлгілі және белсенді жұмыс өтілі үшін екі мәрте мадақталған.

- Тек АЭжБУ университетінде қолданыстағы Cisco зертханалық жабдығының негізінде студенттердің желілер, бағдарламалау, заттар интернеті, ақпараттық технологиялар, бұлттық жүйелер және киберқауіпсіздік бойынша тегін курстар алудың бірегей мүмкіндігі бар. Бұл Cisco курстары сертификатталған жаттықтырушылары бар тар бейінді мамандандырулар үшін жабық форматта жүргізіледі және сіз оларға кез-келген жерден қол жеткізе алмайсыз. АЭжБУ-ға түсіп, тегін эксклюзивті білім алыңыз.

Cisco туралы ақпарат:

https://nag.ru/material/42544 - Cisco үшінші жыл қатарынан Gartner Supply Chain Top 25 рейтингінің көшбасшысы болып танылды.

https://www.comnews.ru/content/23183 - Synergy Research Group талдау тобының деректері бойынша Cisco Systems биылғы жылы Siemens (12,8%), Alcatel (9,9%), Nortel (9,7%), Ericsson (9,6%) және Lucent (9,6%) артта қалдырып, желілік және телекоммуникациялық жабдықтарды сатудың жиынтық көлемі (нарықтың жалпы көлемінің 13%) бойынша әлемде 1-орынға шықты.

Сертификатты тапсыру үшін студенттер тізімі

Курс: CCNAv7: Introduction to Network – Желіге кіріспе

Аты-жөні Курс Топ
1 Сулейменов Нуржан 3 РЭТк-20-6
2 Касымов Данияр 3 СИБ-20-3
3 Балтабаев Айбек 3 ПСк-20-7

Курс: CCNAv7: Switching, Routing & Wireless Essentials – Маршруттау, коммутация және сымсыз желілер негіздері

Аты-жөні Курс Топ
1 Тельбаева Таншолпан 4 СИБп-19-10
2 Токтар Хафиз 4 СИБп-19-10
3 Абылкаирова Жансая 4 СИБ-19-5

Курс: CCNAv7: Enterprise Networking, Security & Automation – Корпоративтік желілер, қауіпсіздік және автоматтандыру

Аты-жөні Курс Топ
1 Узаков Данияр 4 СИБп-19-10
2 Нусіпжанова Ажар 4 ИСк-19-2
3 Жаксыбай Абай 4 СИБп-19-10
 
ENERGO UNIVERSITY