30.09.2022 Барлық жаңалықтар
АЭжБУ-дың мыңнан астам студенті Бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне қатысты. Әлеуетті жұмыс берушілермен кездесу үшін арнайы 3,4-курс студенттері мен магистранттар шақырылды.
АЭжБУ Мансап орталығы іс-шараны ойластырылған түрде ұйымдастырды. Әрбір жұмыс беруші техникалық мамандықтар саласында нақты бос жұмыс орындарымен келді.
Қазақстанның жетекші компанияларынан бос жұмыс ұсыныстары жәрмеңкесі аясында үш өзекті тақырып бойынша мастер-класс өткізілді:
1. «Сұхбаттан қалай сәтті өтуге болады?» мастер-класы
Спикер: Елена Семенова, «Synergy Astana» HR директоры.
2.«Тамаша түйіндемені қалай құрастыруға және кез келген скринингтен қалай сәтті өтуге болады?» мастер-класы
Спикер: Зарина Бакибаева, Даму және оқыту басқармасының аға менеджері, «Банк RBK» қызметкерлермен жұмыс департаменті.
3.«Армандаған жұмысты қалай және қайдан табуға болады?»
Спикер: Санжар Кенжеханұлы, «Beam Career Management Center» атқарушы директоры.
Зере Манасқызы Ұржанова, АЭжБУ Мансап орталығының басшысы
- Біз Қазақстанның 50 үздік компаниясын шақырдық. Әрбір ұйым біздің студенттерге нақты бос жұмыс орындарын ұсынды. Жұмыс беруші мен студент арасындағы мастер-класс түріндегі диалог ойластырылды. Соның ішінде, мастер-класс Сұхбатты қалай сәтті өткізуге болады, керемет түйіндемені қалай құруға болады, армандаған жұмысты қалай және қайдан табуға болады сияқты тақырыптар аясында өткізілді. Университетті аяқтағаннан кейін тәжірибесіз мамандарды жұмысқа орналастыру оңай емес, сондықтан біздің АЭжБУ Мансап орталығы жыл сайын бұл мәселеге байыпты қарайды. Біз АЭжБУ-дың әрбір студентіне қамқорлық жасаймыз және тікелей бос жұмыс орындары, тағылымдамалар түрінде әртүрлі нұсқаларды ұсынуға тырысамыз.
Ең ірі жұмыс берушілердің қатарында «Қазақтелеком» АҚ, «Alageum Electric» АҚ, «Эйр Астана» АҚ, «Каспи банк» АҚ, «Еуразиялық банк» АҚ, «Форте банк» АҚ, «АлЭс» АҚ, «Теле2» АҚ, «Beeline» АҚ, «Beeline» АҚ, «Astel» АҚ, Сайман корпорациясы, «Danone» ЖШС, «Алсеко» АҚ, «Шин-Лайн» ЖШС сияқты компаниялар болды.
Жәрмеңкені өткізудің мақсаты - АЭжБУ түлектері үшін жұмыс орындарының қолжетімділігін кеңейту, жұмыс берушілер үшін қолайлы кандидаттарды тарту арқылы жалдау процесін жеңілдету және олардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесу.