«ҚОС АЛҚА» студенттер клубы сенбілік өткізді

«ҚОС АЛҚА» студенттер клубы сенбілік өткізді


30.09.2022 Барлық жаңалықтар


«ҚОС АЛҚА» студенттер клубының жетекшілігімен бірінші курс студенттері ЖОО аумағын тазалау үшін сенбілікке шықты.  Университет белсендісі Дария Ертаева  «Таза және көркем АЭжБУ, сөзбен емес іспен дәлелде!» ұранымен студенттерді өз университетіне құрметпен қарауға, өз альма-матерін бағалауға және қорғауға шақырды.

Дария Ертаева, белсенді

- Осы жылы біздің «ҚОС АЛҚА» студенттік клубымыз «Таза және көркем АЭжБУ, сөзбен емес іспен дәлелде!» шарасын ұйымдастыру бойынша бастамашылдықты өз қолына алды. Шараның басты мақсаты - уақытты қызықты әрі пайдалы өткізу. Яғни, студенттерді тазалыққа баулу.  Основная цель мероприятия-интересно и с пользой провести время. Это, прежде всего, обучение студентов чистоте. Бізбен бірге «Бизнесмендер» фильмінің кинокөрсетілімінде қазақ тәттілерімен нағыз қазақ атомосферасын сезініңіз.   

Бірінші курстардың жемісті тазалықтарынан кейін фуршет пен "Бизнесмендер" кино-лентасын көрсету ұйымдастырылды.

«ҚОС АЛҚА» студенттер клубының   негізгі миссиясы Қазақтың ұлттық биін жаңғыртуға, Жаңа уақытпен ұштастыруға бағытталады.   

Студенттер клубының мақсаты - университеттегі өмірді ерекше, жарқын және ұмытылмас ету. 

 

ENERGO UNIVERSITY