24.10.2022 Барлық жаңалықтар
24 қазанда Инженериядағы менеджмент және кәсіпкерлік кафедрасының профессоры Алмас Аусыдыкович Жакупов өзінің 70 жылдық мерейтойын атап өтеді.
1975 жылы Алмас Аусыдыкович Жакупов Алматы энергетикалық институтын «Электр станциялары» мамандығын инженер-электрик біліктілігі бойынша бітірді. 1979-1982 жылдар аралығында М.И. Калинин атындағы Ленинград политехникалық институтында «Электр станциялары және қосалқы станциялар» мамандығы бойынша аспирантурада оқыды.
2002 жылы «Экономика және халық шаруашылығын басқару» мамандығы бойынша экономика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесі берілді.
2005 жылы «Экономика, өндірісті ұйымдастыру және басқару» кафедрасы бойынша «академиялық профессор» ғылыми атағы берілді. 60-тан астам ғылыми-әдістемелік еңбектердің, монографиялар мен оқу құралдарының авторы. Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің (ҚР ТМРА) энергетикадағы тарифтік саясат жөніндегі сарапшысы. Қазақстан Республикасының Қазақстан энергетикалық қауымдастықтарының (КЭА) еңбек сіңірген энергетигі, 2017 ж.
1975-1997 жылдары Алматы энергетика институтында ғылыми-зерттеу секторының кіші ғылыми қызметкері, ғылыми-зерттеу секторының инженері, «Электр станциялары мен қосалқы станциялар» кафедрасының стажер-зерттеушісі болып жұмыс істеді.
1997-2017 жылдары Алматы энергетика және байланыс институтында аға оқытушы, доцент, профессор, «Экономика, өндірісті ұйымдастыру және басқару» кафедрасының меңгерушісі болып қызмет етті.
2017 жылдан бастап Отын энергетикалық кешенінің проблемаларын зерттеу зертханасының (ОЭКПЗЗ) меңгерушісі, 2018 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Инженериядағы менеджмент және кәсіпкерлік кафедрасының профессоры болып оқытушылық қызметін жалғастыруда.
Алмас Аусыдыкович Жакупов келесі энергетикалық объектілерді бағалау және сараптау жобаларына қатысты: «ШалқияЦинк ЛТД» ЖШС, «Жамбыл электр желілері» ЖШС, «ЖРЭК» АҚ, «АӨК ГЭРС» АҚ, «ОЖТ» АҚ, «Павлодар энерго сервис» АҚ, «Энергожүйе» ЖШС, «ҚТЖ ҰК»АҚ, «Көкшетау Энерго» ЖШС, «КЕГОК» ААҚ, «Астана қаласының Қалалық электр желілері» АҚ, «Ақмола Электржелілік Тарату Компаниясы» АҚ және т. б.
Ғылыми-педагогикалық қызметтегі және жоғары білікті мамандарды даярлаудағы еңбегі үшін Алматы энергетика және байланыс институтының ректоры, «МЭИ» ҒЗУ ректоры Н.Д. Рогалевтің, ҚР Экономика Министрлігінің құрмет грамоталарымен, сондай-ақ түрлі ведомстволардың құрмет грамоталарымен бірнеше рет марапатталған.
Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінің ұжымы Сізге зор денсаулық, шығармашылық табыс, талантты шәкірттер тілейді. Сіздің біліктілігіңіз бен адалдығыңыз елімізге ұзақ уақыт қызмет етіп, жаңа жетістіктерге негіз болсын!