«Ұлағат» студенттік ұйымы Қарттар үйінде қайырымдылық шарасын өткізді

«Ұлағат» студенттік ұйымы Қарттар үйінде қайырымдылық шарасын өткізді

06.11.2022 Барлық жаңалықтар


6 қараша күні «Ұлағат» студенттік ұйымы Жандосов көшесі 194/1 мекенжайы бойынша орналасқан Қарттар үйіне барып, қайырымдылық шарасын өткізді.

Ол үйде қазіргі уақытта 22 қария өмір сүруде. Ұлағатты жастар қарияларымызға құр қол бармай, аздаған азық-түліктерін де ала барды.

Домбыраның құлағында ойнайтын өнерлі жастар ата-әжелермен қосылып ән шырқап, би биледі. Қарттарымызды барынша қадірлеп, көңілдерін аулаған жастар өздеріне терең тәрбиелік сабақ алды.

Ұлағат ұжымы бұл қайырымдылық шараның алдағы уақытта  жалғасын табатынын айтып, Университет студенттерін қосылуға шақырды.