"Acoustic evening" "Unix" студенттік клубының атынан


29.11.2022 Барлық жаңалықтар


27-ші қараша күні Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінде "Unix" студенттік клубының атынан "Acoustic evening"шығармашылық кеші өтті.

Кеш студенттерге емтихан алдында олардың көңіл-күйін көтеру мақсатында ұйымдастырылды. Кеш қатысушылары көрпелерімен келіп, жайлы атмосферамен бөлісті.

Кеште ескі әндер жаңа интерпретацияда, ал акустикалық стильдегі жаңа әндер аспаптардың жанды дыбысымен орындалды. Бұл концерт клубтың жаңа қатысушыларының армандарын іске асыру және университет студенттерінің шығармашылық өмірін дамыту алаңына айналды. Іс-шара барлық шығармашылық әуесқойларды жақындастырды және әртүрлі курстардың студенттерін жақынырақ таныстыруға мүмкіндік берді.

UNIX студенттік шығармашылық клубының басшылары осындай шығармашылық кештерді ұйымдастыру бойынша жұмыстарын жалғастыруға және өз тыңдаушыларын қуантуға уәде берді.