Еуразия қорының өкілдігінің және АҚШ Халықаралық даму агенттігінің «Орталық Азиядағы әлеуметтік инновациялар» бағдарламасының қолдауымен мемлекеттік сатып алу бойынша инновациялық курс шеңберінде қонақ дәрістерінің топтамасы

Еуразия қорының өкілдігінің және  АҚШ Халықаралық даму агенттігінің  «Орталық Азиядағы әлеуметтік инновациялар» бағдарламасының қолдауымен мемлекеттік сатып алу бойынша инновациялық курс шеңберінде қонақ дәрістерінің топтамасы

06.12.2022 Барлық жаңалықтар


Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінің Біліктілікті арттыру институты және «Инженериядағы менеджмент және кәсіпкерлік» кафедрасы «Цифрлық қоғам» ҚҚ-мен бірлесе отырып, Еуразия қорының өкілдігінің және АҚШ Халықаралық даму агенттігінің «Орталық Азиядағы әлеуметтік инновациялар» бағдарламасының қолдауымен мемлекеттік сатып алу бойынша инновациялық курс шеңберінде қонақ дәрістерінің топтамасын ашады.

2022 жылдың 7 желтоқсанында «А» ғимаратының А-101 кабинетінде сағат 16:00-18:00 аралығында «Қазақстан заңгерлер одағы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің қалалық филиалының төрағасы, Алматы қаласы бойынша Заң консультанттары палатасының басқарма төрағасы, Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл комитетінің мүшесі, «Әділдік жолы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Алматы қалалық филиалының директоры Бауыржан Есенгелдіұлы Мақұлбаевтың «Сыбайлас жемқорлықпен күресудегі қоғамның рөлі» тақырыбында бірінші қонақ-дәрісі өтеді.

Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) мәліметтері бойынша, ЭЫДҰ елдеріндегі барлық сыбайлас жемқорлық қылмыстарының 57%-дан астамы мемлекеттік сатып алуларда орын алады. Дәрісте АЭжБУ магистранттары мен студенттері «Әділдік жолы» РҚБ қызметіндегі мысалдарды пайдалана отырып, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бекіткен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың мемлекеттік тұжырымдамасын азаматтық қоғам ұйымдарының практикалық іске асыруымен тікелей танысады.