АЭжБУ делегациясы Польшада: ПОЗНАНЬ ПОЛИТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ – ӘРІПТЕСТІКТІҢ ЖАҢА ШЫҢДАРЫ

АЭжБУ делегациясы Польшада: ПОЗНАНЬ ПОЛИТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ – ӘРІПТЕСТІКТІҢ  ЖАҢА ШЫҢДАРЫ


08.12.2022 Барлық жаңалықтар


 

Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінің делегациясы 2018 жылы қол қойылған ынтымақтастық туралы шарт шеңберінде Познань технологиялар университетінде болды. Осы күнге дейін АЭжБУ-дың 26 студенті Познань технология университетінде академиялық ұтқырлық бойынша білім алды. Қазіргі уақытта 2 бакалавр және 1 магистрант оқиды. 

Познань технология университеті тарапынан кездесуге ректор қатысты Professor Teofil Jesionowski, Vice-Rector for International Relations Professor Paweł Śniatała, Professor, D.Sc.Eng. Tomasz Łodygowski, Marcin Kiełczewski, D.Sc.Eng. D.Sc.Eng Agnieszka Stankiewicz, Professor D.Sc.Eng Adrian Kliks, Head of International Relations Office Magdalena Zawirska-Wolniewicz.

Әріптестер Faculty of Automatic Control, Robotics and Electrical Engineering; Faculty of Civil and Transport Engineering, Faculty of Computing and Telecommunications таныстырды.

АЭжБУ делегациясының құрамында Автоматтандыру және басқару кафедрасының меңгерушісі Игорь Федоренко, Ғарыштық инженерия кафедрасының меңгерушісі - Санат Төлендіұлы, Телекоммуникациялар және инновациялық технологиялар кафедрасының меңгерушісі - Арман Комекпаев, Халықаралық ынтымақтастық және академиялық ұтқырлық департаментінің директоры Мадина Алиярова және ХЫжАҰД бас маманы Алия Елеманова бар. Кездесуге Познань технология университетінде академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша оқитын Автоматтандыру және басқару мамандығының магистранты Диас Нургаликов қатысты.

Біздің делегация университеттің факультеттері мен зертханаларына барып, бірлескен білім беру бағдарламаларын іске асырудағы және ғылыми зерттеулер жүргізудегі ынтымақтастығымыздың одан әрі бағыттарын белгіледі.

 

    

ENERGO UNIVERSITY