«Ғұмарбек Дәукеев атындағы АЭжБУ» КеАҚ ҚР ИИДМ Индустриялық даму комитетінен энергия үнемдеу және энергия тиімділігі саласында қызметтер көрсетуге рұқсат алды

 «Ғұмарбек Дәукеев атындағы АЭжБУ»  КеАҚ ҚР ИИДМ Индустриялық даму комитетінен энергия үнемдеу және энергия тиімділігі саласында қызметтер көрсетуге рұқсат алды


19.01.2023 Барлық жаңалықтар


«Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті» КеАҚ ҚР ИИДМ Индустриялық даму комитетінен энергия үнемдеу және энергия тиімділігі саласында қызметтер көрсетуге рұқсат алды.

«Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 16.05.2014 ж. ҚР Заңында белгіленген талаптарға және тәртіпке сәйкес «АЭжБУ» КеАҚ 2022 жылғы 22 желтоқсаннан бастап ҚР ИИДМ Индустриялық даму комитетінің тізілімі үшін ақпаратты жаңартты және энергия үнемдеу мен энергия тиімділігін арттыру саласындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға ретінде, сондай-ақ энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласында кадрлар даярлауды жүзеге асыратын оқу орталығы ретінде біліктілігін растады. Осылайша, «АЭжБУ» КеАҚ бүгінгі күні энергетикалық және техникалық аудиттерді, технологиялық тексерулерді, жоғары мамандандырылған аудиттерді, энергия үнемдеу бағдарламалары мен перспективалық даму бағдарламаларын әзірлеуді, энергетикалық менеджментті т.б. қоса алғанда, объектілердің барлық санаттары (ТКШ объектілерінен бастап жылу және электр энергиясын өндіру объектілеріне дейін) бойынша кең ауқымды жұмыстарды орындау үшін қажетті барлық ресурстар мен кадрлары бар аккредиттелген заңды тұлға болып отыр. Бұдан басқа, «АЭжБУ» КеАҚ - Қазақстандағы энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласында кадрлар даярлауды жүзеге асыратын 30 оқу орталығының бірі, бұл ретте ҚР-да барлығы 6 ЖОО ғана оқу орталықтары болып табылады; Алматы қаласында «АЭжБУ» КеАҚ қоса алғанда, оқу орталықтары ретінде аккредиттелген барлығы 4 ұйым тіркелген.

ENERGO UNIVERSITY