19.01.2023 Барлық жаңалықтар
Телекоммуникация және инновациялық технологиялар кафедрасының доценті Мухаббат Абдисаттарқызы Хизирова 5 ақпанда өзінің 50 жылдық мерейтойын атап өтуде.
Мухаббат Абдисаттарқызы, 1973 жылы 5 ақпанда Алматы облысы, Шелек ауданы, Байсеит ауылында дүниеге келген.
1980 жылы ол Алматы облысы Шелек ауданы Байсейіт ауылының И. Таиров атындағы орта мектебіне барып, оны 1990 жылы Үздік аттестатпен бітірді.
1990 жылдан 1991 жылға дейін Алматы қаласындағы Алматы бас киім фабрикасында (ФМУ) 2-разрядты тігінші-моторист болып жұмыс істеді.
1991 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің (ҚазҰУ) физика факультетіне оқуға түсті және оны 1996 жылы үздік дипломмен бітірді.
1996 жылдың 1 маусымы мен 31 қазаны аралығында ҚазМУ жанындағы Эксперименттік және теориялық физика ғылыми - зерттеу институтында (ЭТФҒЗИ) екінші санатты инженер болып жұмыс істеді.
1996 жылы қарашада әл-Фараби атындағы ҚазҰУ физика факультетінің күндізгі аспирантурасына түсіп, 1999 жылы желтоқсанда бітірді.
Аспирантурада оқып жүрген кезінде әл-Фараби атындағы ҚазМУ физика факультетінің ядролық физика кафедрасында бірінші санатты маман (қоса атқарушы) және Медеу ауданының №77 орта мектебінде физика мұғалімі (қоса атқарушы) болып жұмыс істеді.
Аспирантураны бітіргеннен кейін 1999 жылдан 2001 жылдың қыркүйегіне дейін С.Д. Асфендияров атындағы Қазақстан Ұлттық Медицина Университетінің «Қоғамдық денсаулық сақтау және медициналық информатика» кафедрасында математика, информатика және есептеу техникасы бойынша оқытушы болып еңбек етті.
2001 жылдың қыркүйегінде Алматы технология және бизнес университетіне «Жалпы білім беру пәндері» кафедрасының аға оқытушысы қызметіне ауысты.
Осы ЖОО-да жұмыс істеген кезінде (2002 ж. ақпан) әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да «Ортогоналды және квазиортогоналды электрондық-оптикалық жүйелердегі сфералық аберрацияны жою» тақырыбында «01.04.04-Физикалық электроника» мамандығы бойынша физика-математика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін кандидаттық диссертация қорғады.
2003 ж. қазан айынан бастап 01.03.2007 ж. аралығында сырттай факультет деканының орынбасары, оқу-әдістемелік бөлімінің бастығы және Алматы технология және бизнес университетінің «ЖҒП» кафедрасының меңгерушісі, доцент қызметтерін атқарды.
01.03.2007 жылдан 2016 жылдың мамырына дейін М.Тынышпаев атындағы ҚазАТК «ВТПОиИС», «ЖҒП» және «РТ» кафедраларының доценті болып жұмыс істеді.
25.08.16 ж. бастап қазіргі уақытқа дейін Ғ. Даукеев атындағы АЭжБУ КеАҚ «ТКИТ» кафедрасының доценті.
Кәсіби қызметі барысында М.А. Хизирова келесі марапаттарға ие:
- 2005 жылы «Жас ұрпақты отансүйгіштікке және Отанға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеуге, Қазақстан халқының достығына қосқан үлесі үшін, Алматы» дипломымен марапатталған.
- 2011 жылы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай, Алмалы ауданының әлеуметтік – экономикалық даму қосқанының үлесі, өзіңнің қызметтік міндеттерін орындауда сіңірген еңбегі және жоғары кәсіпқой біліктігі мен ата жауапкерлігі үшін грамотамен марапатталған, Алматы.
- 22.05.2018 жылы «Білім беру саласының үздігі» медалімен және құрметті атағымен марапатталған.
- 26.12.2019 ж. ХАА академигі.
- 16.12.2021 жыл ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай алғыс (еңбек кітапшасына енгізілген).
М.А. Хизированың 65-тен астам ғылыми жарияланымдары бар (оның ішінде 7 скопус және 5 томсон райтерс); АУТБ үшін кредиттік оқыту технологиясы бойынша 1 әдістемелік әзірлеу; 2 оқу құралы және «ПТИ» пәні бойынша 4 әдістемелік нұсқау (орыс және қазақ тілдерінде); 3 оқу құралы; «Физика» пәні бойынша 8 әдістемелік нұсқаулық; «Электр байланысы теориясы» пәні бойынша 5 әдістемелік нұсқаулық; «Сымсыз байланыс теориясы» пәні бойынша 2 оқу құралы орыс және қазақ тілдерінде; «Электр байланысы теориясы» пәні бойынша 2 оқу құралы орыс және қазақ тілдерінде; ТКЖСЦӨН, БЖЖ пәндері бойынша 3 әдістемелік нұсқаулық; Орыс және қазақ тілдерінде «Телекоммуникациялық жүйені құру негіздері» пәні бойынша 2 оқулық және ағылшын тілінде ЭБТ бойынша 1 оқулық.
М.А. Хизирова үнемі ҚР БҒМ гранттық қаржыландыру бойынша конкурстарға қатысады (5 өтінім берілді), ал 01.11.2022 жылдан бастап М.З. Якубованың жетекшілігімен ҚР БҒМ гранттық қаржыландыру тақырыбы бойынша қатысады.
2022 жылдан бастап И.Т. Утепбергеновтың басшылығымен КФСиСТ зертханасының мүшесі.
ҚР БҒМ тапсырысы бойынша білім беру бағдарламалары мен тест тапсырмаларының авторы.
«АЭжБУ хабаршысы» журналының және университет кафедраларының пәндері бойынша оқу-әдістемелік жұмыстардың рецензенті болып табылады.
Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінің ұжымы Сізге зор денсаулық, шығармашылық табыс, отбасылық амандық, талантты оқушылар тілейді. Өз ісіңізге деген махаббатыңыз бен адалдығыңыз сарқылмасын. Адал еңбегіңіз үшін рақмет!