«Ашық және тұрақты мемлекеттік сатып алу» мемлекеттік сатып алулар бойынша пилоттық курстың салтанатты түрде аяқталуы өтті

«Ашық және тұрақты мемлекеттік сатып алу» мемлекеттік сатып алулар бойынша пилоттық курстың салтанатты түрде аяқталуы өтті


17.02.2023 Барлық жаңалықтар


Ғ.Дәукеев атындағы АЭжБУ-да «Ашық және тұрақты мемлекеттік сатып алу» атты мемлекеттік сатып алулар бойынша пилоттық курстың салтанатты түрде аяқталуы өтті. Бұл курсты профессорлар Р.К. Сатова және Л.М. Байтенова, сонымен қатар оқытушы Л.С. Нурмуратова бастаған университет оқытушыларының бастамашыл тобы әзірледі, ол мемлекеттік сатып алулардағы ашықтық, бәсекеге қабілеттілік және тиімділік деңгейін арттыруға бағытталды. Курстар 2022 жылдың күзгі семестрінде өтті және АЭжБУ оқытушы-профессорлық құрамы, қызметкерлері, магистранттары мен студенттері бар кең аудиторияны тартты. Курс барысында тыңдаушылар мемлекеттік сатып алудың негізгі аспектілерін, оның ішінде этикалық, құқықтық және экономикалық аспектілерін, сондай-ақ мемлекеттік сатып алудың ашықтығы мен тұрақтылығын арттыру әдістерін үйренді.

2022 жылдың 17 ақпанында өткен салтанатты шарада курс бітірушілеріне естелік сыйлықтар мен мемлекеттік сатып алу саласындағы әртүрлі тақырыптар бойынша ғылыми эсселері үшін курсты аяқтағаны туралы сертификаттар табыс етілді.

Сонымен қатар, пилоттық курс жоба бастамашыларына 2023 жылдың көктемгі семестрінде АЭжБУ бірінші курс магистранттары үшін қолжетімді 5 кредиттік міндетті пән болып табылатын инновациялық Syllabus-ты сынақтан өткізуге мүмкіндік берді. Курс студенттерді мемлекеттік сатып алудың тұрақты әдістеріне үйретеді және олардың мемлекеттік сатып алуға қатысу үшін практикалық дағдыларын қалыптастырады.

Профессор Р.К. Сатова, профессор Л. М. Байтенова және оқытушы Л. С. Нурмуратова кіретін жоба бастамашыларының командасы пилоттық курс пен Силлабус АЭжБУ студенттеріне мемлекеттік сатып алу саласында өз дағдыларын дамытуға және оларды болашақта тәжірибеде қолдануға көмектесетініне сенім білдірді. Жоба USAID әлеуметтік инновациялар бағдарламасы аясында Еуразия қоры өкілдігінің қолдауымен «Цифрлық қоғам» қоғамдық қорымен бірлесіп жүзеге асырылды. Бұл бастамаға техникалық көмекті әлемнің 50-ден астам елінде мемлекеттік сатып алулардың ашықтығының жаһандық стандарттарын насихаттайтын Вашингтоннан (АҚШ) Open Contracting Partnership халықаралық ұйымы көрсетті.

ҚР электротехника, телекоммуникация және өнеркәсіптік автоматтандыру саласындағы жоғары білім беру флагманы Ғ. Дәукеев атындағы АЭжБУ Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ашықтық, бәсекелестік және тиімділік деңгейін арттыруға баса назар аудара отырып, мемлекеттік сатып алу саласында инновациялық білім беру бағдарламаларын құру арқылы ел алдына қойған Мемлекеттік сатып алу саласындағы реформаның аса маңызды міндеттерін іске асыруға белсенді қатысады.

ENERGO UNIVERSITY