AUES IT-Start бағдарламалау бойынша I Республикалық олимпиадасы

AUES IT-Start  бағдарламалау бойынша I Республикалық олимпиадасы

09.03.2023 Барлық жаңалықтар


Ғәукеев атындағы «Алматы энергетика және байланыс университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (АЭжБУ) Қазақстанның 9-11 сынып оқушылары мен колледждерінің дарынды оқушыларын анықтау және қолдау мақсатында 2023 жылдың 28 ақпанынан 31 наурызына дейін ақпараттық технологиялар институтының «IT-инжиниринг» кафедрасының негізінде AUES IT-Start бағдарламалау бойынша I Республикалық олимпиадасын өткізетіні туралы хабарлайды.

Іс-шара аясында 1 турдан өткен алғашқы 50 қатысушы мен олардың басшылары үшін жетекші IT-сарапшылармен митап өткізу және тауға шығу арқылы мәдени іс-шара өткізу жоспарлануда. Одан әрі қолдау мақсатында тілек білдірген қатысушыларға ғылыми IT-жобаларды басқаруға жәрдем көрсетіледі, ал олардың жетекшілері үшін мастер-кластарға мерзімді шақыру беріледі.

Іс-шараның жалпы қоры 1 000 000 теңгені құрайды.

Олимпиаданың жұмыс тілдері: қазақ және орыс.

Олимпиада екі кезеңнен тұрады:

Бағдарламалау тілдері:

Олимпиада бағдарламасы:

Жол жүру, тұру және тамақтану шығындары қатысушылардың жеке есебінен жабылады.

Тіркелу үшін мына сілтеме бойынша өтіңіз: https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSexmQt89i3oCv7oRNQ_i27D69AdibCSmWRdOOtd1F46nNgp8w/viewform?usp=share_link

Ұйымдастыру комитеті:

Сондай-ақ, АЭжБУ «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігімен бірлесіп өткізетін 2022 жылғы қазақстандық жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламаларын тәуелсіз бағалау қорытындысы бойынша ҚР техникалық жоғары оқу орындары арасында көшбасшы орын алатынын назарларыңызға жеткіземіз.

Оның ішінде, АЭжБУ келесі білім беру бағдарламалары бойынша жетекші орын алады:

«Атамекен» ҰКП Қазақстанның жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламаларының рейтингі ҚР жетекші компаниялары мен нарық сарапшыларының қатарынан жұмыс берушілердің тікелей қатысуымен жасалады. Рейтингті құру кезінде түлектердің жұмысқа орналасу деңгейін талдауға ерекше назар аударылады.

Барлық толық ақпаратты университеттің ресми сайтынан табуға болады https://aues.edu.kz, https://instagram.com/aues_university?igshid=NDk5N2NlZjQ= немесе

https://instagram.com/aues_iit?igshid=NDk5N2NlZjQ=