31.03.2023 Барлық жаңалықтар
30-31 наурыз аралығында Ақпараттық технологиялар институтының «IT-инжиниринг» кафедрасының негізінде «AUES IT-Start» бағдарламалау бойынша I Республикалық олимпиадасының 2- туры өтті.
30 наурызда спорттық бағдарламалау бойынша үш сағаттық контест өткізілді, онда Республикамыздың әртүрлі өңірлерінен (Алматы, Тараз, Қызылорда) 46 оқушы мен колледж студенттері өзара жарысты.
«AUES IT-Start» олимпиадасы «HackerRank» платформасында «ACM» бағдарламалау бойынша әлемдік Чемпионат форматында өткізілді. Қатысушыларға әртүрлі күрделіліктегі 13 (A-N) тапсырмалар мен тақырыптар (шартты конструкциялар, циклдар, құрылымдар, тізімдер, массивтер және т.б.) С++, Java және Python бағдарламалау тілдері бойынша ұсынылды. (A-K) тапсырмаларын тәлімгер, ал L, M, N тапсырмаларын АТҚ білім беру бағдарламасының 4-курс студенті Тельбаева Таңшолпан әзірледі.
Конкурс аяқталған соң қатысушылар асханамыздан түскі ас ішіп, Медеу тау мұз айдынына барды. 870 баспалдақпен платинаға көтеріліп, таза тау ауасымен дем алып, естелік фотосуреттер мен селфи түсірді.
Бүгін олимпиада нәтижелері белгілі болып, жүлдегерлер мен жеңімпаздар анықталды. Қазылар алқасының мүшелері шешілген есептер саны және жүйе берген тиісті балдар (шығарылған есептер саны тең болған жағдайда) бойынша тиісті орындар берді.
Қатысушылар саны |
Шығарылған есептер саны |
2 |
8 |
1 |
7 |
3 |
5 |
2 |
4 |
4 |
3 |
5 |
2 |
2 |
1 |
Жеңімпаздар:
1 орын (300 000 теңге) – Цой Давид, РФММ (8 есеп, 10.23 балл)
2 орын (200 000 теңге) – Нуржанов Адиль, ОАЭТК (8 есеп, 9.57 балл)
3 орын (100 000 теңге) – Асылхан Али, ОАЭТК (7 есеп, 9.92 балл)
Олимпиада жүлдегерлері:
1- дәрежелі диплом – Маханбет Алихан, №92 лицей (5 есеп, 10.32 балл)
2- дәрежелі диплом – Арқабай Мирас, №24 лицей (5 есеп, 8.95 балл)
3- дәрежелі диплом – Байшуаков Магжан, №24 лицей (4 есеп, 7.79 балл)
Сондай-ақ, қазылар алқасы номинациялар бойынша қосымша сыйлықтар тапсырды:
- есептерді шешуде өзіндік ерекшелігі үшін – Тоқтарбай Даниал, №175 гимназия;
- есптерді шешуде табандылық танытқаны үшін – Мейрамбек Хасан, Ы.Жақаев атындағы №244 мектеп.
Кем дегенде бір есепті шешкен барлық қатысушыларға олимпиадаға белсенді қатысқаны үшін сертификаттар тапсырылды, ал олардың жетекшілері дарынды оқушыларды дайындағаны үшін алғыс хаттармен марапатталды.