19.01.2023 Барлық жаңалықтар
Дәстүр бойынша Математика және математикалық үлгілеу кафедрасы жыл сайын көктемде университеттің 1 курс студенттері арасында жоғары математикадан олимпиада өткізеді. "Математикалық олимп-2023" 2023 жылғы 4 сәуірде АЭжБУ Б корпусының 218 және 222 аудиторияларында өткізілді. 1 курстың 70 студенті қатысты. Олимпиаданың барлық қатысушыларына екі сағат ішінде 5 есепті шешу ұсынылды.
Қазылар алқасының құрамына: проф. Байсалова М. Ж. (төраға), доцент Масанова А. Ж., аға оқытушы Төлеуова Б. Ж.
Жазбаша жұмыстарды қорытындылай келе, комиссия шешім қабылдады:
I орын
Пак Андрей, СИБ-21-6 тобының студенті
II орын
Нысаналин Елдос, ЭЭк-22-5 тобының студенті
Сабадах Мария, ИС-22-5 тобының студенті
III орын
Тарабыкин Мирослав, ИС-22-6 тобының студенті
Берішбаев Әлішер, ЭЭк-22-5 тобының студенті
Бағытжанов Ерназар, АУк-22-3 тобының студенті
АЭжБУ "Математикалық олимп-2023" жүлдегерлерін ақшалай сыйлықтармен және мақтау қағаздарымен марапаттайды.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз!!!